Мәскеудегі бейбіт шеру: мыңнан астам адам ұсталды, ондаған шеруші жараланды

Полиция қызметкерлері жергілікті депутат Александра Парушинаны резеңке таяқпен ұрған. Ол есінен танып қалды. 

Полиция қызметкерлері акцияға таңертеңнен бастап дайындалған. Жергілікті әкімдік маңындағы Юрий Долгоруков ескерткішін темір қоршаулармен қоршап, Тверь көшесіне қаз қатар автозактар тізіп қойған. Жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 12.30 шамасында Тверь көшесі тұтас жабылған. Полицейлер ары-бері өткендердің бәрін ұстап, тіпті жерасты өткеліндегі адамдарды да автозакқа отырғызған. Олар адамдардың топтасуына мүмкіндік бермей, әкімдік маңынан қууға тырысқан. 

Полиция азаматтарды ұстай бастаған кезде көпшілік "Өткіз!",  "Путинсіз Ресей", "Чекистер билігі жойылсын!" деп ұрандатқан. 
 

Күштік құрылымдар жергілікті әкімдік ғимараты маңына адамдарды жібермеді. 

Бірақ кейбір жерлерде шерушілер полиция шебін бұза алды. 
 

Полиция азаматтарды оқиға орнынан бір жаққа қарай тықсыра бастады. 

Пушкин алаңы маңында полиция көп адамды ұстады. 

 

Полиция азаматтарды резеңке таяқпен ұрып, ұстады. 

Ұсталғандар арасында әйелдер мен егде адамдар болды.

Кейіннен ұстаулар Арбат ауданы маңында жалғасты.
 

Полиция акцияға шамамен 3500 адам қатысты дейді.

Олардың арасында 700 блогер және журналист болған дейді.

Нақты қанша адам ұсталғаны әзірге белгісіз. Жоғалған азаматтар көп. 

Шерушілер жергілікті дума сайлауына тәуелсіз кандидаттарды жіберуді талап етті. 
 

Бірақ қалалық сайлау комиссиясы бұл талаптарды орындаудан бас тартып, шеруді "арандату" деп атады.