Шымкенттегі қоғамдық көлікпен жүру машақаты
Your browser doesn’t support HTML5
Шымкенттің шеткері жағындағы ықшамаудан тұрғындары қоғамдық көліктердің аздығына шағынады. Автобусқа сыймаған жұрт такси жалдауға мәжбүр. Кешқұрым мектептен шыққан балалар да көлікке сыймай қалады. Тұрғындар бұл көкейкесті мәселені шешуді сұрап жергілікті билікке өтініш білдіруден шаршағанын айтады.