"Айналайын көке, жай жүр". Шымкенттегі фотокөрме
Түркістан облысы Келес ауданы Жүзімдік ауылында ауыз су тасып жүрген балалар. Олар кезекке тұрып, 1 литр суды 1 теңгеден сатып алады.
Фото авторы - Әйгерім Бегімбет.
Әйгерім Бегімбет "23 жылдан бері қамыс орып, сатуды күнкөріске айналдырған әйел" жайлы фотосын көрсетіп тұр. Қазір бір бума қамыстың құны – 80 теңге.
Арыста жарылыстан соң зардап шеккен үйін тазалап, кір жуып жүрген екінші топ мүгедегі Элмира Ермекбаева. Фото авторы - Әйгерім Бегімбет.
Арыстағы жарылыстан төбесі опырылып түскен үйдің аман қалған бөлмесінде теледидар көріп отырған балалар. Фото авторы - Әйгерім Бегімбет.
Қызылшаруа ауылы Түркістан қаласынан небәрі 50 шақырым қашықта орналасқан. Онда телефон байланысы жоқ. Тұрғындар ұялы телефон арқылы сөйлесу үшін ауыл маңындағы жалғыз төбеге шығады. Фото авторы - Әйгерім Бегімбет.
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қайнар ауылына отыз жылдан бері асфальт жол төселмеген. Көлік шаңына тұншығатын тұрғынның қорасына жазғаны. Фото авторы - Әйгерім Бегімбет.
Ордабасы ауданы Ұялжар ауылында жазғы демалысқа шыққан балалар ата-анасына көмектесіп, соқамен жер жыртып жүр. Фото авторы - Әйгерім Бегімбет.
Мақтарал ауданының тұрғыны 70 жастағы Сапар Әбдірасилов егіндік басындағы контейнерде күнелтеді. Жазда аптап ыстықта жерді қазып жасаған лашықта жан сақтайды. Абайсызда адам өлтіріп, түрмеде жазасын өтеген қария қарттар үйіне барудан бас тартқан. Фото авторы - Әйгерім Бегімбет.
«Бір жарық». Фото авторы - Қанат Дархан.
"Дос". Фото авторы - Қанат Дархан.
78 жастағы мақташы. Фото авторы - Шыңғыс Әбдіразақ.
Арыстағы жарылыста снаряд түсіп, үйіндіге айналған үйінің алдында отырған әйел.
70 жастағы Жаңагүл Баймұқанова әлі күнге баспанасыз жүр. Фото авторы - Шыңғыс Әбдіразақ.
Әже. Фотограф - Шыңғыс Әбдіразақ.
Мақтарал ауданындағы мақта алқаптарының бірінде мақта теріп жүрген мектеп оқушылары. Фотограф - Шыңғыс Әбдіразақ.
Арыс қаласындағы жарылыс кезінде үйі өртенген әйел суретіне қарап тұрған көрермен.