Қазақстан 1993 жылы қолданысқа енгізген ұлттық валюта үлгілері.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа теңгені көрсетіп тұрған суреті мен алғашқы теңге үлгілері қойылған көрме бұрышы. Алматы, желтоқсан, 2016 жыл.
Ұлттық валютаның алғашқы және кейінгі бірнеше үлгісі айналымнан шығып қалды.
500, 1000, 2000 және 5000 теңге.
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің 1500 жылдығына арналып шығарылған ақша.
Қазақтың ұлттық ойыны – қыз қууға арналған номиналды ақша.
2004 жылы жазушы Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына арналып жасалынған ақша.
Суретші Әбілхан Қастеевтің 100 жылдық мерейтойына арнап шығарылған номиналды ақша.
Көне заманнан жеткен күміс ақша.
Жәңгір (Жахангир) хан атымен соғылған мыс ақша.
Орта ғасырда Шыңғыс хан атымен Самарқанда соғылған алтын динар.
1993 жылы күзде алғаш айналымға енгізілгенде Қазақстан валютасының АҚШ-тың бір долларына шаққандағы бағамы 4,7 теңге болып белгіленген. Екі айдан кейін доллар бағамы 54 теңгеге қымбаттады.
Алматының Көк базарында теңгеге сауда жасап тұрған адамдар. 24 қаңтар 2015 жыл.
10 мың және 2 мың теңге.
10 мың теңгелік ақшаны тексеріп отырған адам.
Қазақстан ұлттық валютасы 1999 жылы сәуірде, 2009 жылы ақпанда, 2014 жылы ақпанда және 2015 жылы шілдеде қатты құнсызданған.
Суретте: Ақша айырбастау орнындағы теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамы көрсетілген электронды тақта. Алматы, 11 ақпан 2014 жыл.
2015 жылы 19 тамызда Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында АҚШ-тың бір доллары 198 теңгеден сатылған еді.
Алматыдағы теңге бағамы. 19 тамыз 2015 жыл.
2015 жылғы тамызда Қазақстан Ұлттық банкі жаңа қаржы-несие саясаты мен теңгенің айырбас бағамы еркін айналымға жіберілетіні туралы хабарлады. Ұлттық валюта бағамы күрт түсіп кетті.
Суретте: Ақша айырбастау орнындағы валюта бағамы. Алматы, 20 тамыз 2015 жыл.
Теңгенің құлдырауы келесі айда тағы жалғасты. Алматы, 14 қыркүйек 2015 жыл.
Қарашаның басында 1 АҚШ долларының бағамы 300 теңгеден асып кетті. Алматы, 5 қараша 2015 жыл.
Ұлттық валюта бұдан кейін де құнсыздана берді.
Суретте: Шетел валютасының Қазақстан теңгесіне шаққандағы бағамы. Астана (қазір - Нұр-Сұлтан), 11 сәуір 2018 жыл.
2018 жылы жазда теңге тағы да біртіндеп құнсызданды. Ақша айырбастау орындарында оның 1 АҚШ долларына шаққандағы бағамы 378 теңгеге жетті.
Суретте: 2018 жылғы 5 қыркүйектегі Алматыдағы валюта бағамы.
Ақша айырбастау орнындағы валюта бағамы. Алматы, 7 қыркүйек 2018 жыл.
Қазақстанның теңгесі мен АҚШ доллары. Ғалымның карикатурасы.