Сырын ашқан Назарбаев, LRT-дағы қой сою және қолы сынған Қуанышалин. Аптаға шолу

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде. 30 маусым 2021 жыл.

Азаттық тілшілері осы аптада да қоғамдағы маңызды оқиғаларды елеусіз қалдырмай, мақала мен видеорепортаждар әзірледі, тамыры терең жайылған әлеуметтік мәселелерді қозғады. Демалыс күні сайтымыздағы аптаның үздік хикаяларын назарларыңызға тағы бір мәрте ұсынамыз.

"Ұрлық пиғылы болмаса". Мемқызметкерді жазаламауға шақырған Тоқаев нені меңзеді?

23 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау туралы жиында сыбайлас жемқорлықпен қалай күресетінін айтамын деп жұртты аң-таң еткен мәлімдеме жасады. "Шенеунік енді білгенін істей ме?" деген сұрақ туды. Әлеуметтік желідегі қызу талқыдан соң, президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Facebook-те президенттің сөзін түсіндіруге тырысқандай болды, бірақ кейін жазбасы көпшілікке көрінбей қалды. Президент нені меңзеді?

Толығырақ...

"Божко жерімізді қайтарсын". Оразақтағы жер дауы

Нұр-Сұлтанға жақын орналасқан Оразақ ауылдық округіндегі егістік жерлер Ұлттық қауіпсіздік қызметі басшысының бұрынғы орынбасарының ұлы Максим Божконың компаниясына қалай өткен? Ауыл тұрғындары неге наразы?

Ақмола облысының Оразақ ауылы. 11 маусым 2021 жыл.

Оразақ ауылы Нұр-Сұлтаннан 60 километр, аудан орталығы – Ақмолдан (Сталиннің тұсында бұл жерде "отанын сатқан азаматтардың" әйелдеріне арналған Ақмола лагері (АЛЖИР) болған) 25 километр жерде орналасқан. Оразақ елдімекеніне ауылдық округ мәртебесі берілген. Екі мыңға жуық тұрғыны бар ауылдық округтің құрамына Оразақтан бөлек, Бірлік ауылы кіреді.

Оразақ ауылы 1998 жылға дейін "Қызыл ту" деп аталған. СССР тарағаннан кейін ауылға Оразақ батырдың аты берілген. Жергілікті халықтың аузында жүрген аңыз бойынша, Оразақ батыр жат жерден келген жаулармен шайқасып, осы жерде көз жұмған.

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың аты берілген орталық көшеде терезелері сынған қосқабатты ғимарат тұр. Бұрын бұл жерде сауда үйі болған екен. Ғимараттың сыртындағы "Қазақстан 2030" (бұрынғы президент Назарбаевтың 1997 жылы жариялаған елді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы осылай аталады) деген жазудың өңі кете бастаған.

Толығырақ...

Оразақ ауылында байлаулы тұрған бұзау. Ақмола облысы, 11 маусым 2021 жыл.

Жымпитыдағы ескі мешіт себеп болған наразылық. Үлкен жолды кім, не үшін жапты?

Маусымның ортасында Батыс Қазақстан облысының ондаған тұрғыны ескі мешіттің жабылуына қарсылық білдіріп, республикалық маңызы бар жолды жауып, көліктерді бөгегеннен кейін бұл оқиға жайлы долбар көбейді. Елде ресми ақпараттың аз берілетінін ескерсек, бұл жағдай қоғамда түрлі қорқыныш пен көзқарасқа қозғау салғанға ұқсайды. Азаттық оқиғаға қатысқан тараптармен сөйлесіп, мәселенің ақ-қарасын ажыратуға тырысып көрді.

Жымпиты ауылындағы ескі мешіт. 21 маусым 2021 жыл.

Тұрғындардың сөзінше, оқиға былай өрбіген: 4 маусым күні кешкісін Жымпитыға облыстың бас имамы келіп, ескі мешіттің есігіне құлып салған. Жергілікті халық арасында "ескі мешітті мұражайға айналдырады екен" деген сыбыс тараған. Имам тұрғындарға жақында ашылған жаңа мешітке баруды ұсынған.

Бұл халыққа ұнамаған. Сондықтан олар әртүрлі органдарға ұжымдық хат жазып, ескі мешітті жабу туралы шешімнің күшін жоюды сұраған.

– Мүфтиятқа, президентке хат жаздық. Ескі мешіт заңсыз жабылды, өйткені ешқандай қағаз, шешім болған жоқ. Ал жаңа мешіт әлі ресми түрде ашылмаған, рәсімдеуден өтпеген, жұмыс істеуге рұқсаты жоқ. Ал ескі мешіттің құжаттары 2023 жылға дейін толық рәсімделген, – дейді жергілікті мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып істейтін Мұқат Арыстанов. Ол Азаттық тілшісіне ауыл тұрғындарының астанаға жазған хаттарын көрсетті.

Екі апта бойы ескі мешітті ашуды талап етіп келген тұрғындар трассаны жабатынын басынан айтып, ескерткен.

Толығырақ...

Назарбаев коронавируспен қалай ауырды? Өтірік айтты ма?

Қазақстанның экс-президенті, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Екеуі бір-бірін көргеніне қатты қуанды. Назарбаев былтыр коронавирус жұқтырғанда Ресей дәрігерлерінің емдеп шыққанына алғыс айтты. Біз экс-президенттің коронавируспен ауырғаны жайлы өзі және баспасөз қызметі екі түрлі ақпарат таратқанын байқадық.

Your browser doesn’t support HTML5

Назарбаев коронавируспен қалай ауырды? Өтірік айтты ма?

"Раббым, шаруаны абыроймен аяқталуын нәсіп ет". LRT құрылысы қайта басталып, құрбан шалынды

Нұр-Сұлтанда жеңіл рельсті транспорт, қоғамда "жемқорлық символы" атанып кеткен LRT құрылысы қайта басталды. Әкімдік құрылысқа тағы бір миллиард доллар қажет екенін, оны қарызға алуды көздеп отырғанын айтады.

Your browser doesn’t support HTML5

"Раббым, шаруаны абыроймен аяқталуын нәсіп ет". LRT құрылысы қайта басталып, құрбан шалынды

"Қолымды сындырдың!" Саясаткер Жасарал Қуанышәлин полициядан жапа шекті

Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин 1 шілдеде ұсталған соң үйіне түнге 11-лерде келген. Бірнеше сағат полиция жауапқа алып, денсаулығы нашарлаған соң ауруханада апарған. Саясаткер мемлекеттік жүйе күн санап қуғын-сүргінді күшейтіп жатыр есептейді.

Your browser doesn’t support HTML5

Саясаткер Жасарал Қуанышәлин полициядан жапа шекті

Өзбекстанда Covid-пен күреске бөлінген 8 млрд доллар кімнің қалтасына кетті?

Өзбекстан коронавируспен күреске миллиардтаған доллар қаржы бөліп, бұл ақшаны негізінен билікке жақын компаниялар игерген. Азаттықтың Өзбек қызметі эксклюзив зерттеуінде ақшаны кімнің қалай алғанын әшкереледі.

"Пандемия болмағанда, мүмкіндігіміз молырақ болар еді. Коронавируспен күреске біз 80 триллион сом жұмсадық. Бірақ мен бұл ақшаны аяп отырғаным жоқ, есесіне халқымызды аман алып қалдық" деді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2 маусым күні Сұрхандариядағы жиналыста.

80 триллион сом немесе 8 миллиард доллар – бұл Өзбекстан бюджетінің 2020 жылғы шығынының 40 пайызы немесе жалпыұлттық ішкі өнімінің 12-ден астам пайызы. Бұл ақшаға тұрмысы төмен 700 мың отбасыға үлгілі үй салуға немесе 90 мың заманауи ауыл мектебін соғуға болар еді.

2020 жылғы 19 наурызда, індет елге енді келгенде, Мирзияев Дағдарыспен күрес қоры құрылғанын, оған 1 миллиард доллар құйылғанын, бұл ақшаның шетелден қарызға алынғанын мәлімдеді. Бірақ биылғы 2 маусымдағы сөзінде өзбек президенті індетпен күреске арналған қаржының қалай 8 есе ұлғайып кеткенін, ол ақшаның қайдан алынғанын және неге жұмсалғанын айтпады.

Толығырақ...