Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылы Шымкенттен 30 шақырым қашықта орналасқан. 15 қыркүйек 2021 жыл.
Қарабұлақ ауылы Түркістан облысы Сайрам ауданына қарайды. 15 қыркүйек 2021 жыл.
Қарабұлақ базарының мал кіргізетін қақпасы.
Жұрт биыл қуаңшылық салдарынан жем-шөп қат болғандықтан мал сатушы көбейіп, базарда мал бағасы түсіп кеткенін айтады.
Қарабұлақ ауылындағы мал базарына кіреберісте "Рухани жаңғыру. Қазақстан – 2050" деген жазу ілінген. Түркістан облысы Сайрам ауданы. 15 қыркүйек 2021 жыл.
Көк шөп тиелген жүк көлігі.
Азаттық тілшісі келген күні базарда адам көп болды: сатуға мал әкелгендер базардың кіреберісіне дейін отыр.
Қарабұлақ ауылындағы мал базарына кіреберісте киім-кешек сатып тұрған адамдар.
Мал сатушы мен сатып алушы бағасын келісіп тұр.
Кейбір тұрғын қолындағы екі сиырдың бірін сатып, түскен ақшаға жем-шөп алып, екінші сиырды сақтап қалғысы келетінін айтады.
Қарабұлақ мал базарына кіруге кезек күтіп тұрған жүк көлігі.
Қарабұлақ ауылындағы мал базарындағы автотұрақ. Коронавирус пандемиясына байланысты аптаның сәрсенбісінде ғана жұмыс істейтін базарға жұрт облыс аудандарынан келеді.
Бәйдібек ауданында тұратын шаруа Бақпан Қоспанов сатуға әкелген малын көрсетіп тұр.
Қарабұлақ базарында мал сатып тұрған адам көп, сатып алушы аз.
Сатылатын қой бағасын келісіп, қол алысып тұрған шаруа мен сатып алушы.
Қарабұлақ мал базарына қой әкелген шаруа, мал сатып алушы және делдал.
Малға беретін жем бағасы жазылған қағаз.
Қарабұлақ мал базарынан сатып алған сиырды жеңіл көлік тіркемесіне тиеп, әкетіп барады.
Қарабұлақ мал базарында бес құлын сатып тұрған адам.
Түлкібас ауданынан екі құлынды биесін сатуға әкелген адам.
Құлынды биенің әрбірі 550 мың теңгеден сатылды.
Қарабұлақ базарында малға қажет бұйымдар сатып тұрған саудагерлер.
Қарабұлақ мал базарындағы алыпсатарлар.
Жергілікті тұрғын Сайдикарим Абдиазимов жем-шөп тапшылығы мен қымбатшылық қысса да, қорасындағы малын сақтап қалғысы келетінін айтады.
Қарабұлақ базарына сатуға әкелген малға көліктен шөп түсіріп беріп жатқан адам.
Ірі қара сатушылар мен сатып алушылар.
Қой сатып алушыға малды көрсетіп тұрған адам.
Шаруа Турдикул Мунтаев базарға 100 бас қой сатуға әкелген.
Қарабұлақ базарына сатуға әкелген малды, өзге қоймен араласып кетпес үшін, темір шарбақтың ішінде ұстайды.
Қарабұлақ ауылындағы жем сататын дүкен.
Қарабұлақ мал базарынан сатып алған қойды жүк көлігіне тиеп жатқан адам.