Дүйсенбіден бері жарықсыз қалған Венесуэлада оппозиция наразылыққа шақырды
Your browser doesn’t support HTML5
Наурыздың 27-сі күні Венесуэла оппозициясының жетекшісі Хуан Гуайдо жақтастарын көшеге шығып, елдің қатарынан бірнеше күн жарықсыз қалуына байланысты наразылық білдіруге шақырды. Елде дүйсенбі, 25-наурыздан бері жарық жоқ болғандықтан тұрғындар азық-түлік сатып ала алмай қиналып отыр. Мектепте сабақтар тоқтататылған. Кейбір компаниялар жұмысын тоқтатқан. Наурыз айының басында да елдегі бірнеше электр станциясында апат болып, Венесуэланың басым бөлігі жарықсыз қалған. Билік оқиғаны "АҚШ-тың ұйымдастырған зымиян әрекеті" деп атады. Ал оппозиция оқиғаның ескі инфрақұрылым кесірінен болғанын айтып, биліктің қамсыздығын сынаған.