Навальный зерттеуінде аталған қазақ. Болат Закариянов кім?
Your browser doesn’t support HTML5
Ресейге орала сала қамауға алынған Алексей Навальный мен командасының тағы бір зерттеуі шықты. Бұл жолы олар Ресей президенті Владимир Путиннің зәулім сарайы туралы айтады. Кремль зерттеуге жауап беріп те үлгерді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Краснодар өңірі Геленджик қаласындағы "алып ғимарат Путинге тиесілі" дегенді жоққа шығарды. Навальныйдың сөзінше, президент мүлкін жасыру ісіне қатысқандар арасында қазақтар да бар.