"Жақыным Шыңжаңда сотталды" деген қазақстандықтардың жанайқайы
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда тұратын Бикамал Кәкен Шыңжаңда күйеуі сотталғанын, ал Байболат Күнболат інісінің 10 жылға түрмеге қамалғанын айтады. Олар Қазақстан билігінен де бірнеше рет көмек сұраған. Байболат Алматыдағы Қытай консулдығының алдын да пикет те өткізген. Бикамал Кәкен мен Байболат Күнболат жақындарының жағдайына әлемнің назарын аудару үшін халықаралық, қазақстандық басылымдарға жиі сұхбат та беріп жүр. Екеуінің халықаралық AFP агенттігіне айтқаны.