"Жас Алаш" шағымын қанағаттандырмады
Your browser doesn’t support HTML5
4 наурызда Алматы қалалық соты «Жас Алаш» газетінің «Жас-Ай» медициналық орталығы жетекшісі Жасан Зекейұлының дауына байланысты сот шешіміне берген апелляциялық шағымын қарап, бұрынғы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Былтыр қарашаның 13-і күні сот «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайға, тілшісі Меруерт Тұрлыбековаға, газет оқырманы Қаден Мұқанұлына, Жасан Зекейұлының бұрынғы әйелі Гүлия Әлиханқызына және Гүлия Әлиханқызының әкесі, 76 жастағы Әлиханға, барлығы 40 миллион теңге айыппұл салған. «Жас Алаш» газетінде Жасан Зекейұлы туралы жазылған мақаланы терістеу міндеттелген. Алматы, 4 наурыз 2016 жыл.