Ұлықтау рәсімінен кейін Обама лаңкестік қылмыста айыпталған күдіктілер қамалған Гуантанамо түрмесіндегі әскери трибунал жұмысын 4 айға тоқтатуды ұсынды.
Республикалық «Болашақ» жастар қозғалысы жетекшісінің орынбасары Дәурен Бабамұратов, Американың жаңа президентінде көптеген жағымды қасиеттер бар деген пікір білдірді.
- Тұлға ретінде Обама мен Бушты салыстыратын болсақ,Обаманың бойынан көптеген жеке дара азаматтық қасиеттер көреміз. Біріншіден, Обама бәріміз байқағандай өте жақсы оратор.Буш өз сөзінде ара тұра әзілдеп сөйлейтін болса, Обаманың көзінен от жалындап, әр сөзінің жүректен шығатындығын байқаймыз. Сондықтан да мүмкін көпшілік жағдайда Обаманың әр бір айтқан сөзі миллиондаған қарапайым американдықтардың жүрегінен шығып жатады.
Мұны Дәурен Обаманың қарапайым ортадан шыққандығымен түсіндіреді. Алайда, ол Барак Обманың жүрргізетін саясаты экс президент Джодж Буштың саясатынан мүлдем өзгеше болады дегенге сенбеймін дейді.
- Әрине біреуі республикалық партияның өкілі, екіншісі демократиялық партияның өкілі болғандықтан, көзқарастары өзгешелеу болуы мүмкін. Дегенмен, Американың сыртқы саясаты соңғы 60-70 жылды еш өзгерген емес. Дәл қазіргі таңда тактикалық сұрақтарға байланысты кей жағдайлардың барысы өзгеруі мүмкін. Алайда, ұзақ мерзімдік перспективаға және стратегиялық сұрақтарға келетін болсақ Американың саясаты ешқашан өзгерген емес және өзгермейді де деп ойлаймын. Өткені оның саясаты әлемік гегемондыққа негізделген. Сондықтан Обаманың ұстанатын саясаты бұрынғыдан көп өзгеше болады дегенге мен өз басым сенбеймін.
Ал «Рух пен тіл» клубының жетекшісі Жанболат Мамайдың пайымдауынша, Обама өз еліне онан қала берді халықаралық қатынастарға көптеген өзгерістер алып келмек. Өйткені, бүгінгі таңда Америка халқының Буш саясатынан шаршағындығы байқалады дейді ол.
- Джордж Буштың билігіне екі жағдайға қарап баға беруге болады. Оның бірі мына Таяу Шығыстағы қақтығыстар болса, Ауғанстан мен Ирақ соғыстары болса, екіншісі әлемдік қаржы дағдарысы деп айтуға болады. Осының барлығына да Буштың оспадар саясаты біраз өзінің кері саясатын тигізді деп айтуға болады.
Сондықтан да бүгінгі таңда жаңа президенттің алдына қойған жоспарлары көп және олардың орындалуын барша әлем күтіп отыр дейді ол. Обма ең алдымен, Кубаның Гуантанамо қаласындағы американдық базада ұстау орталығы жанынан ашылған барлық әскери трибуналдардың жұмысын тоқтата тұруға бұйрық берді. Гуантанамо түрмесіндегі жағдайға байланысты бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйымдары Вашингтонды адам құқығын бұзып отыр деп айыптаған болатын.
Қазақстан гуманитарлық-саяси коньюнктура орталығының сарапшысы Әсет Тұрдығұловтың пайымдауынша, бұл жағдай халықарылық қатыстардағы оң өзгерістердің басы.
- Меніңше Барак Обама Гуантаномо түрмесінде адам құқына қатысты принциптерді ұстанып отырған сынды. Яғни түрлі құпия түрмелер, жасырын түрде түрлі әдістерді қолдану сияқты тағысын- тағы жағдайларға ол адами көзқараспен қарап отыр деп ойлаймын. Барак Обаманың осы Гунтанамо түрмесіндегі тергеу процестерін уақытша тоқтатуының өзі Америка үкіметіне, американ халқына бүгіннің өзінде қосымша ұпай алып келуде.
Әсет Тұрдығұлов бүгінгі таңда жаңа президенттің Американың халықаралық сахнадағы беделін көтеру үшін көп еңбек етуі қажеттігін айтады.
- Американың имиджін қайтадан қалпына келтіру мәселесіне байланысты Барак Обама үкіметінің алдында өте үлкен жұмыстар тұр. Және бұл жұмыстарды өзінің о бастағы, сайлауалды бағдарламасында берген уәделермен қаншалықты үйлестіре алса, соншалықты жағдай жаман болмас деп ойлаймын.
Барак Обама ұлықтау рәсімінде сөйлеген алғашқы сөзінде "Бүгінгі күннен бастап, біз өзімізді қолға алып, Американы қайта құруға кірісеміз" деп атап көрсеткен еді. Көптеген сарапшылар бұл өзгерістердің оң болатындығына сенім артып отыр.