Абайдың туған күнін әр өңір әрқалай атап өтті

Your browser doesn’t support HTML5

Абай оқулары - 2012

Абайдың туған күні кейбір аймақтағы қоғам белсенділері мен әлеуметтік желі қолданушылары ақынның идеалдарын түсінуге және бұл датаны Астана күні сияқты атап өтуге шақырды.

Тамыздың 10-ы күні Алматыда Абай ескерткішінің алдында «Абай оқулары» болып өтті. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, оған ұлт зиялылары, мектеп оқушылары мен студенттер, қарапайым қала тұрғындары, әкімшілік өкілдері бар жиыны жүздеген адам жиналды.

Шара барысында ақын өлеңдерін оқудан бөлек, «Жиренше мен Абайдың» кездесуі жайлы қойылым да көрсетіліп, әндер шырқалды.

АЙМАҚТАРДАҒЫ «АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ОҚУ»

Дәл осы күні Орал қаласында бірнеше азаматтық қоғам белсендісі ақынның ескерткіші орнатылған орталық алаңға келіп, Абай оқуларын өткізген. Шараны жергілікті «Уральская неделя» басылымы тікелей эфирде көрсетті. Шағын акцияға қатысушылар Абайдың Мәскеудегі қарсылық шарасының символына қалай айналғаны жөнінде де ойларымен бөлісіп жатты.

Абай күнін атап өткен белсенділер. Қарағанды, 10 тамыз 2012 жыл


Тәуелсіз блогшы Дмитрий Щелоковтың хабарлауынша, шамамен 20 минутқа созылған шараны бақылау үшін қаланың ішкі саясат бөлімінің өкілдері келген екен. «Оларға Абай өлеңдерін оқу туралы ұсыныс жасағаннан кейін кетіп қалды» деді Дмитрий Щелоков.

– Менің білуімше, бүгін таңертең Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылғанмен ақынның өлеңдері оқылмады. Бұл акция аяқ астынан ұйымдастырылғандықтан адам өте аз келді. Жергілікті шығармашылық өкілдерінен ешкім болған жоқ, - деді блогшы.
Бұл жолы да бізді қамауға алатын шығар деп едік, ондай әрекетке бармады. Полиция мен әкімдік өкілдері сырттан қарап бақылап тұрды. Бірге өлең оқиық деп шақырып ек, бас тартты.
Оның айтуынша, алаңда құқық қорғау органдары көрінбеген.

Тамыздың 10-ында Қарағандыда да оншақты қоғам белсендісі Абайды еске алу шарасын өткізді.

Шараның ұйымдастырушысы азаматтық қоғам белендісі Серікжан Мәулетбай Жаңаөзен оқиғасынан кейін мұндай іс-шараларға саналы түрде қатыса бастағанын айтты.

- Абайдың өлеңдерін оқып, ақынның шығармашылығы туралы әңгіме етейік деп шештік. Бүгін туған күні ғой. Қолымызға Абай кітаптарын ұстап шықтық. Бұл жолы да бізді қамауға алатын шығар деп едік, ондай әрекетке бармады. Полиция мен әкімдік өкілдері сырттан қарап бақылап тұрды. Бірге өлең оқиық деп шақырып ек, бас тартты. Ішіндегі біреуі бізді қалта телефонына түсіріп алды, - деді белсенді Азаттық тілшісіне.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ БЕЛСЕНДІЛІК

Абайдың туған күнін атап өту интернетте белсендірек байқалды.
Бүгін әлеуметтік желілерде таңертеңнен бастап қолданушылар Абайдың туған күні екенін айтып, бір-бірін құттықтап жатты. Интернет қолданушылар Абайдың өлеңдерінен үзінділер келтіріп, ақынның өлеңдері жайлы ой-түсініктерін жазып жатты. Ал Twitter-де #Абай хэштегі жиі қолданылды.

Саясаткер Әміржан Қосанов Facebook-та былай жазады:
Қазақстанда Абай хрестоматиядағы құрғақ сөз, қалалық ландшафтағы «өлі» ескерткіш, почта маркасындағы сурет болып қалды.
«Бүгін Құнанбайдың ұлы Ибраһим - ұлы Абайдың туған күні. Бір-бірімізді осы атаулы күнмен құттықтайық! Таныстарымды екі категорияға топтастырам: Абайды оқығандар және оқымағандар. Алғашқы топты өз ішінен тағы екіге бөлем: Абайды түсінгендер мен түсінбегендер. Ұят болса да айтайын, қазіргідей жасқа келіп оны енді-енді түсіне бастадым.. .Астана күні т.б емес, Абай күнін атап өту керек».

Қайрат Нұрмағамбетов есімді интернет қолданушы Абайды жұрттың танып-білмегені туралы Facebook-та:

«Қазақстанда Абай хрестоматиядағы құрғақ сөз, қалалық ландшафтағы «өлі» ескерткіш, почта маркасындағы сурет болып қалды. Қазақстандағы Абай әлі де – түсініксіз қазаққа орнатылған ескерткіш» деп жазады.

Бұл күні ресейлік Yandex.kz іздеу торабы ақынның туған күніне орай негізгі бетіне Абай мүсінінің суретін шығарып қойды.