Алматы облысындағы шатқалда қаза болғандар саны 11-ге жетті деп мәлімдеді сейсенбі күні Қазақстан ішкі істер министрлігі криминалдық полициясы басшысының орынбасары Арман Оразалиев.
Мекеме ақпаратына қарағанда, 13 тамызда облыстың Каменское полиция бөліміне Таусамалы ауылының 30 шақырым жерде № 4 кордон аумағының «Кордон-Ақсай» шатқалында екі мәйіт табылғаны туралы хабар түскен.
Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысының үйіне келген жедел-тергеу тобы орманшының 53 жастағы әйелінің, ал ауладан 30 жастағы жұмысшының мәйітін тапқан.
Полицейлер қылмыс болған тұсқа жақын маңнан, Ақсай өзені маңындағы сайдан тағы төрт адамның пышақталған мәйітін тапқан.
Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, кордон ғимаратының ішін тексергенде бірде-бір заттың жоғалмағаны және үйдің шашылмағаны анықталған.
Шлагбаум алдында егерьдің ұлына тиесілі «Ниссан Патрол», ал үйден 100 метр жоғары жерде «ВАЗ-2121» көлігі табылған. Көлік салонынан қан тәрізді қоңыр түсті дақтар табылған.
Сәл кейінірек ұлттық саяжайдың қызметкерлері полицияға хабарласып, оқиға болған маңнан 25 шақырым жердегі көрші орман шаруашылығында № 3 кордон орманшысының үйі
өртеніп жатқанын айтқан.
Орманшының өзі ол кезде Қарағайлы ауылында емделіп жатқан.
Оқиға болған жерге келген полиция қызметкерлері екі адамның күйген мәйітін анықтаған еді. Бүгін таңертең үйдің орнын қопарған кезде тағы үш мәйіт табылды.
Полиция қаза тапқан 11 адамның алтауының кім екендігін анықтағанын айтты. Олар:
1. Захаропуло Панайот Евстафьевич, 1936 жылы туған, № 4 және № 5 Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябақ кордонының орманшысы.
2. Гузев Андрей Александрович, 1969 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны.
3. Карпызина Антонина Дорофеевна, 1938 жылы туған.
4. Синяков Виталий Федорович, 1952 жылы туған, жұмысшы.
5. Карпенко Ирина Юрьевна, 1959 жылы туған, П.Е.Захаропулоның бірге тұратын әйелі.
6. Мусахранов Дмитрий Владимирович, 1971 жылы туған, жұмысшы.
Өрт болған жерде табылған мәйіттер соттық-геномдық сараптамаға жіберілген.
Қазір аймақтағы барлық орман шаруашылықтарын полиция қатаң бақылауға алды. Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпарат құралдары орманшы Захаропулоның «өмір бойы осы аумақтағы орманды заңсыз кескен браконьерлермен күрескенін» айтады.