Республика сарайы маңдайшасына орнатылған монитор жарнаманың орнына порнографиялық сипаттағы видео көрсетті. «Бұл – хакерлердің ісі» деген интернет маманы бірнеше сақтық амалы барын айтады.
Алматыдағы республика сарайының алдында тұрған үлкен экран бетінде порнографиялық сипаттағы көрініс пайда болғаны туралы видео тамыздың 12-сі күні YouTube сайтында жарияланды.
Интернет қолданушылардың назарына іліккен оғаш видеоға байланысты ақпарат құралдарына сұхбат берген республика сарайы басшысының орынбасары Сергей Иванов «кінәліні іздестіріп жатқандарын» айтады.
– Алдын-ала болжам бойынша, бұл – хакерлердің ісі. Кінәліні анықтап табамыз, – дейді ол.
Сергей Ивановтың сөзінше, 12 тамызда «Сол дисплейді орнатқан компания өкілдері келіп, түске дейін панель мен пикселді ауыстырып кеткен. Бірақ тосын оқиға кешке таман болған».
Оның айтуынша, монитор сарайдағы сервер бөлмесінен немесе интернет арқылы басқа жақтан басқарылады. Бөлменің кілті тек қауіпсіздік қызметінде ғана болған. Ал экранның құпия сөздерін білетін екі қызметкердің екеуі де қазір демалыста жүрген.
«БҰЗАҚЫДА ЛОГИН МЕН ПАРОЛЬ БОЛҒАНЫ АНЫҚ»
Бұл ақпаратты естіген интернет маманы Ербол Серікбай дәл осыған ұқсас жағдай бір-екі жыл бұрын Ресейде де болғанын еске алды. Оның сөзінше,
хакерлер мұндай бұзақылық әрекетті серверге кірмей жасай алмайды – оларда администратордың логині мен паролі болған».
– Сервер тұрақты түрде интернетке қосылып тұрғандықтан оған басқа жақтан да кіруге болады. Егер әкімшінің (администратордың) логині мен паролі, IP-адресі болса, серверге кез-келген адам кіріп, қалаған нәрсесін жасай алады. Ал логин мен парольді трояндық вирус жіберу арқылы алған болуы мүмкін, – дейді Ербол Серікбай.
Оның айтуынша, сервер паролінің әлсіздігі де жүйенің бұзылуына себеп болуы мүмкін.
– Егер серверге оңай парольдер қойылса, хакер үшін жай ғана ІР-адресті білу жетіп жатыр. Қазір парольдерді бұзатын ең танымал бағдарлама бар. Сол арқылы логин мен парольді біліп, Microsoft-тың компьютерді сырттан басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламасы арқылы серверге кіреді. Егер оларда плейлист (видеолар тізімі) болса, арасына порнографиялық видеоны қоса салса, кезегі келгенде жаңағы видео да көрсетіледі. Қауіпсіздік ережелері сақталмаса, серверді үйде отырып басқару да қауіптірек, – дейді ол.
САҚТЫҚ ШАРАСЫ
Ербол Серікбайдың айтуынша, мұндай жағдай қаладағы интернетке қосылған кез-келген ірі дисплейлерден де қайталануы ғажап емес. Ол бірнеше сақтық шарасын айтады.
– Ең әуелі сервердің логині мен паролі күрделі болуы тиіс. Сосын брандмауэрді жақсылап орнату керек. Негізінен Windows-дың құрамында болатын брандмауэр бүкіл келген-кеткен интернет трафикті тексеріп тұрады. Ол аппарат немесе
бағдарлама күйінде болуы мүмкін. Егер серверді үйде отырып басқаруға тура келсе, серверге тек өзімнің ғана ІР-адресімнен кіре алатындай қылып, ал басқа адрестен «сұрау» жіберілсе оны қабылдамайтындай етіп жасауға болады. Тіпті логин мен паролі болса да, басқа адам кіре алмайды, – дейді интернет маманы Ербол Серікбай.
Республика сарайы басшысының орынбасары Сергей Иванов ғимарат алдындағы монитор техникалық себепке байланысты үнемі қосулы тұратынын айтқан еді. Бірақ әзірше ол экран сөніп тұр.
Алматыдағы оқиғаға ұқсас жағдайлар басқа елдерде де болған. Мәселен, биыл көктемде Беларусь телеарнасы 10 минут бойы порнографиялық видео көрсеткен. Мұны әдейі жасаған видеоинженер порнографиялық мазмұндағы материалды көпке көрсеткені үшін қылмыстық жазаға тартылған.
Ал 2007 жылы Иранның Карадж қаласындағы электронды билбордтың бірінен порнографиялық мазмұндағы видео көрсетілген.