Жастар қақтығысына «кінәлілерді іздеу» басталды

Қайрат Нұртас та қатысқан концерттен соң "Прайм Плаза" сауда орталығының аумағындағы бүлінген сахна. Алматы, 31 тамыз 2013 жыл.

Қайрат Нұртас қатысқан концерттен соң туған жаппай тәртіпсіздіктің себебі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, ұйымдастырушылар, билік орындары мен әншінің өзі бір-біріне сілтей сөйледі.
Тамыздың 31-і күні кешкісін Алматыдағы «Прайм Плаза» сауда және ойын-сауық кешенінде эстрадалық әнші Қайрат Нұртас қатысқан концерттік шараның жаппай тәртіпсіздік пен қиратуға, полиция мен мыңдаған жастың қақтығысына ұласқаны жұртшылық арасында қилы пікір туғызды. Кей пікірлер Қайрат Нұртасты кінәласа, әншінің өзі Азаттыққа берген сұхбатында қауіпсіздік шараларын ескермеген концертті ұйымдастырушыларды айыптады.

Ал «Прайм Плаза» басшылығы Қайрат Нұртастың мезгілінен бұрын сахнадан кетіп қалуы тәртіпсіздіктің тууына түрткі болды деп санайтынын жеткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл концерттік шара Алматы қаласының әкімдігімен алдын-ала келісілген. Ал парламент депутаттарының бірі осы оқиғаға байланысты Алматы қалалық ішкі істер департаменті бастығын отставкаға кетуге шақырды.

Қақтығыстан соң интернетке тарап кеткен видеолардың бірінде әнші Қайрат Нұртасқа ұмтылған фанаттардың қоршауларды бұзып өтіп, сахнаға шыға бастағаны көрінеді. Олардың ішінде жасөспірімдер көп болғанымен, әйелдер мен кішкене балалардың дауысы да естіледі. Қайрат Нұртасты қауіпсіздік қызметкерлері сыртқа ала жөнелгенде сахнаға шыққан әйел адам орыс тілінде зеки сөйлеп, көпшілікті тыныштыққа шақырады. Видео осы жерде үзіледі.

ВИДЕО: Концерттегі қақтығыс

«ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ»

Әлеуметтік желіде бұл тақырып бірнеше қырынан талқыланды. Оқиға басталған сәтте әлеуметтік желіге жазған ресми ақпарат құралдарының журналистері «жастардың бұл әрекетін оппозиция пайдаланып кетуі мүмкін» деген болжам жасап, жұртшылықты «арандатуға ермеуге» шақырды. «Оппозиция енді «Сарыарқаның» (оппозициялық топтар жиын өткізетін Алматы шетіндегі кинотеатр – ред.) артындағы жиындарына адам жинау үшін Қайрат Нұртасты шақырса да болады екен» деп мысқылдағандар да табылды.
Кейбіреулер «ондай әншіні білгісі де келмейтінін және тыңдауға да арзымайтынын» айтса, енді бірі «Қайрат Нұртас - бүгінгі жастардың, әсіресе қазақ тілді жастардың «жұлдызы» дейді.

Facebook желісіндегі талқылаудың бір парасында Қайрат Нұртастың әншілік деңгейінен бастап, тыңдармандардың мәдениеті мен әлеуметтік құрамына дейін сөз болды. Негізінен екі топқа жіктелген бұл пікірталастарда кейбіреулер «ондай әншіні білгісі де келмейтінін және тыңдауға да арзымайтынын» айтса, енді бірі «Қайрат Нұртас бүгінгі жастардың, әсіресе, қазақ тілді жастардың «жұлдызы» дегенге саятын пікірлерін білдірді.

Бастапқыда оқиғаға Қайрат Нұртастың сахнадан кетіп қалуы басты себеп болды» деген де пікірлер айтылды. Қоғамдық белсенді Аружан Саин «Егер ол шынайы әртіс болса, қандай жағдай болса да, тыңдармандармен өзі тікелей тілдесу арқылы түрлі амал жасап тәртіпке келтіріп алар еді. Бірақ ол ондай талпыныс жасаған жоқ» деп жазды.

Әлеуметтік желі қолданушысы Андрей Щербаков бұл пікірге қосылмай «Қайрат Нұртасты күзет қызметі дер кезінде алып кетті. Ұйымдастырушылар қауіпсіздік жағдайларын жасамаған» деген пікірбілдірді. Оның айтуынша «24 жастағы әншінің мыңдаған тыңдарманды тоқтата алатындай тәжірибесі болмауы мүмкін. Әрі бұл оқиғаны біреулердің арнайы жоспарлаған кез-келген конфликтолог маман айтып бере алады. Ал концертті жүргізуші көрермендерге қазақ тілінде сөйлегенде бұл жайт болмауы да мүмкін еді» дейді.

«КІНӘЛІ БІЗ ЕМЕС»

Қыркүйектің 1-і күні кешкісін Ақтау қаласында гастрольде жүрген жерінен Азаттық радиосына берген сұхбатында әнші Қайрат Нұртас:

- Менде де, халықта да кінә жоқ. Кінә ұйымдастырушылардан деп ойлаймын. Өйткені қасымда сегіз-ақ сақшы болды. Өзіңіз ойлаңызшы, мыңдаған адам. Қасымда сегіз-ақ сақшы тұр. Халық сыймай бара жатыр. Әрі қарай ән сала бердім. Бірақ жүргізуші микрофонымды алып қойып, халықты орыс тілінде сабырға шақырды. Мүмкін, көрермендерге сол ұнамай қалған шығар. Мүмкін, біреулер әдейі дайындалып келген шығар. Нақтысын білмеймін, - деді.

ВИДЕО: Қайрат Нұртастың пікірі

Your browser doesn’t support HTML5

Қайрат Нұртастың пікірі


Алайда қыркүйектің 2-сі күні «Прайм Плаза» ойын-сауық кешенінің жетекшілігі tengrinews.kz ақпарат агенттігіне оқиғаға Қайрат Нұртастың сахнадан ерте кетіп қалуы басты себеп болды деп санайтынын жеткізген.

«Әнші бір ән айтты да кетіп қалды. Сірә, «табынушыларынан» қорқып кетсе керек. Бұл көрермендердің наразылық білдіруіне, әрі қарай жаппай тәртіпсіздік тууына себеп болды. Сахнадан кете қоятындай қауіп болмағанын видеожазбадан да көруге болады» деп мәлімдеген «Прайм Плаза» жетекшілігі.

Ұйымдастырушылар сонымен қатар бұл концерттік шара туралы алдын-ала Алматы қалалық Әуезов ауданың әкімдігін құлағдар етіп хат жазғанын, тамыздың

Қайрат Нұртас қатысқан концерттен кейін "Прайм Плаза" орталығының аумағында қирап жатқан заттар. Алматы, 30 тамыз 2013 жыл.

9-ында тиесілі жауап алғанын және қалалық ішкі істер департаментімен бірлесіп қауіпсіздік шараларын жасағанын да айтады.

Осыған дейін таратқан ақпараттарда Алматы қаласының әкімдігі «мұндай концерттік шара өтетіні туралы еш хабар бермей қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаған» «Прайм Плаза» жетекшілігін айыптаған еді. Алматы қаласының әкімдігінің ресми сайтында қала әкімі Ахметжан Есімовтің қыркүйектің 1-і күні таңертең құқық қорғау ведомстволарының басшыларымен шұғыл жиналыс өткізгені хабарланды.

Әкімдік сайтындағы ақпаратқа қарағанда оқиғаға қатысқан 165 адам ішкі істер департаменті бөлімшелеріне апарылған. Олардың көпшілігі алдын ала тергеуден кейін босатылған. Ал «Прайм Плаза» орталығы басшыларының үстінен қылмыстық кодекстің 232-бабы бойынша, «міндеттеріне жауапсыз қарады» деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.