Қоғамдық көлік қауіпсіздігі
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыда 18 қаңтар күні жолаушылар автобусы бірнеше көлікті соғып, жаяу жүргіншіні қағып, жүк көлігімен соқтығысып барып тоқтады. Тоғыз адам зардап шеккен бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алматы тұрғындары "Қала ішіндегі автобустар тым қатты жүреді, бір-бірімен жарысады, адам өміріне қауіпті" дейді. Ал автобус жүргізушісі "бір көшенің бойымен бес-алты автобус жүретіндіктен жоспар орындауға тырысамыз" деген уәж айтады. Алматы, 19 қаңтар 2015 жыл.