Желтоқсанның 21-22-сі аралығында «Астана интернет форумы» өтті. Оған интернет саласына қатысы бар мамандар, блогшылар, программистер, журналистер қатысты.
Форумда талқыланған басты тақырыптардың бірі қазақ сайттарының тыныс-тіршілігі және оларды дамыту жолдары болды.
Бейресми дерек бойынша, қазір шамамен төрт мыңға жуық қазақ тілді сайт бар. Қазақтілді қолданушылар саны - жалпы қолданушылардың (8 миллион 900 мың адам - қазан айындағы дерек) 75 пайызы.
Форумда қазақ сайттарының кемшілігі ретінде олардың ешбір салаға бейімделмей, жалпылама жазатын «әмбебаптығы» аталды. ІТ тақырыбының сирек кездесетіні, басы бар, жалғасы жоқ "өлі" күйінде қалған жобалардың көптігі айтылды.
ОҚЫРМАНДАР САНЫН ҚАЛАЙ 30 МЫҢҒА ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?
Мамандардың айтуынша, "Қазіргі кезде оқырман жинау - қазақ сайттары үшін маңызды проблема. Елдегі танымал қазақтілді сайттардың бірде-бірі алғашқы ондық, тіпті алғашқы жиырмалықтың қатарына ілінбеген".
Астана интернет форумында мамандар сайтты танымал етудің амал-тәсілдері туралы айтты.
Surak-zhauap.kz сайтының авторы, программист Ербол Серікбайдың айтуынша, "осыдан екі жыл бұрын бұл сайттың қолданушылары саусақпен санарлықтай болған".
- Мақсатты түрде жұмыс істегеннен кейін, сайттың оқырмандарын екі жылдың ішінде 30 мыңға дейін жеткіздік, - дейді ол.
Ол бұл нәтижеге екі түрлі тәсілмен жететінін айтты. Біріншісі – қолданушылармен тығыз қарым-қатынас жасау, екіншісі – сайтқа SEO оптимизация жасау.
- Бастапқы кезде қолданушылар өте аз болды. Тіркелген қолданушылармен тығыз байланыста жұмыс істедік. Олардың әрқайсысының ұсынысын жерде қалдырмай, қолданушылардың өздеріне модераторлық немесе басқаша деңгей беру арқылы олардың белсенділігін арттырдық. Өзім конкурс ұйымдастырған жоқпын. Бірақ қолданушылардың өздері сондай ұсыныс жасағаннан кейін ұйымдастырдық. Тіпті өздері демеушілік көрсетті. Соңғы жасаған конкурстардың бірі қызықты демотиватор жасау болды. Осы сияқты шаралардан кейін қолданушылар саны артты, - дейді Ербол Серікбай.
Оның айтуынша, сайтты қолдану жөнінде видео-нұсқаулық та өз көмегін тигізген.
SEO баптау дегеніміз (search engine optimization, SEO) сайтты іздеу жүйесінің алдыңғы қатарына іліндіру жүйесі. Дұрыс жүргізілген баптаудан кейін кез-келген сайт Google немесе Rambler сияқты іздеу тораптарының "қармағына" тез ілінеді.
- Сіз, айталық, Астана қаласынан адаспай бір жерге бару үшін міндетті түрде карта аласыз. Сол секілді іздеу сайттарына да карта жасауға болады. Оны сайт sitemap.xml деп атайды. Бұл ақпараттың қай жерде орналасқанын, қалай орналасқанын жазбай табуға арналған. Осының арқасында қолданушылар іздеу сайттары арқылы келіп, аралап кететін болады. Одан кейінгі тәсіл - robot.txt. Яғни, керек емес, жасырын ақпараттарды жасырып қоюға болады. Тағы бір маңызды жайт - сайтқа жиі кері сілтеме қалдыру. Сайтыңызға неғұрлым жиі кері сілтеме қалдырылса, соғұрлым іздеу жүйесінде танымал болады. Қазіргі кезде Yandex-каталог немесе Dmoz.org деген ірі сайттардың каталогтары бар. Yandex-тің каталогына екі түрлі жолмен енгізуге болады. Біріншісі - тегін, екіншісі - ақшалай. Қателеспесем, теңгеге шаққанда 66 мың теңге болады, - дейді ол.
Ол сонымен бірге сайттың өзінен неғұрлым көп сілтеме шығып кетпеуін қадалағау керек екенін айтты.
- Неғұрлым сайтыңыздан көп сілтеме шығып кететін болса, сайтыңыздың деңгейі соғұрлым түсіп кетеді. Оны арнайы тегтермен жабамыз. Сайт жасаған кезде де соны сайт жасаушылардан талап етіңіздер. Бұл сайттың сенімсіз сайттар қатарына кіріп кетуіне ықпал етеді, - дейді ол.
Ербол Серікбай сайтқа әлеуметтік желілер арқылы аудитория жинау тәсілі (Social Media Marketing) - қазақ сайттары үшін тиімсіз екенін айтты.
САЙТ ЖАСАУ БИЗНЕСІ
Бірақ бұл пікірмен zhаnaoi.kz сайтының авторы Нұрлан Жанай келіскен жоқ. Оның ойынша, "Ебін тапқан адамға - SEO баптау да, әлеуметтік желілер арқылы аудитория жинау тәсілі де қолайлы. Бұл контентке байланысты". Нұрлан Жанай "сапалы контенттер үшін екінші тәсіл оңтайлырақ" дейді.
Ол қазақ сайттарын "мазмұны жағынан да, интерфейсі, дизайны жағынан да бір-бірін қайталайды" деп сынады. Ол ақпарат құралдарының мобильді нұсқаларын дамыту керектігі туралы да айтты.
Нұрлан Жанайдың ойынша, "Сайт жасау бизнесі тез нәтиже әкелетін табыс көзі емес, ұзақ еңбекті талап ететін бағбанның ісіне ұқсас".
- Өкінішке қарай, қазір сайт жасап, екі-үш айдың ішінде жарнамадан ақша тауып кете алмайсың. Бір-екі жыл тынбай еңбек етсе ғана жасауға болады. Одан бөлек, сайтты істетуге бір-екі адамның күші жетпейді. Сайтты үнемі алып жүру оңай шаруа емес. Сондықтан команда болып, міндеттерді бөлісіп жүргізу керек. Сонда ауыр салмақ ешкімге түспей, сайтыңыз тұрақты істейтін болады, - дейді Нұрлан Жанай.
Астана интернет форумында мұнан бөлек интернетті білім беру саласында қолданудың әлемдік тәжірибелері, электронды коммерцияның дамуы, ақпараттық қауіпсіздік, қазақтілді телефон қосымшалары тақырыбында презентациялар таныстырылды.
Астана интернет форумы биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Оның негізгі ұйымдастырушысы - "Мінбер" журналистерді қолдау қоры, «KazakhTimes» жаңа технологиялар орталығы және Астанадағы ГеоГебра институты.