Матаевтың айыптауына Нығматуллинның жауабы
Your browser doesn’t support HTML5
Сотталып жатқан Сейітқазы және Әсет Матаевтардың жақтастары сот үкімі өздері күткендегідей болмаса, халықаралық сотқа дейін шағымданатындарын мәлімдеді. Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев кешегі сотта "маған қысым жасады" деп көрсеткен адамның - мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллиннің пікірін өз аузынан білу мүмкін болмады. Жергілікті БАҚ-тар дерегінше, Нығматуллин Матаевтың сөзін жоққа шығарып, "ол істі саясиландырмақ" деп мәлімдеген.