Министр: EXPO-2017 мәдени шараларына 9 миллиард теңге жұмсалады
Your browser doesn’t support HTML5
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 10 маусым - 10 қыркүйек аралығында өтетін EXPO-2017 көрмесі кезіндегі мәдени іс-шаралар жоспарын таныстырды. Министр бюджеттен бөлінген 9 миллиард теңгенің тоқсан проценті қазақстандық өнерпаздарға жұмсалады деп хабарлады.