Астана тұрғыны, аяғы ауыр кезінде көшеде ән айтып күн көрген Нина Назаренко үшінші баласын босанды. Оның қиын тұрмысы туралы хабар тарағаннан кейін көмектескісі келген жандар көп болды.
Азаттық наурыз айында екі баласын асырау үшін күн сайын көшеге шығып, гитарамен ән айтатын аяғы ауыр 24 жастағы келіншек туралы жазған еді. Қазір Нина Назаренконың үшінші баласы – Ксюша есімді қызы бар. Әлеуметтік желілерде хабар тарағаннан кейін жас келіншекке көп адам көмектескен.
БАРАК
Ксюша мамырдың 12-сі күні дүние келген. Нина Назаренко «қызымның дені сау, бәрі жақсы» дейді. Үйінде төрт жасар ұлы мен бір жарым жастағы қызы күтіп отырған келіншек перзентханадан шығуға асығады. Анасы ауруханада жатқан кішкентай балаларды көрші әйел қараған.
Нина балаларымен бірге Астана қаласының шетіндегі Лесозавод ауданындағы ескі барак үйдің бір бөлмесін 25 мың теңгеге жалдап тұрып жатыр. Нинаның айтуынша, үшінші баласы туған соң қожайын жеңілдік жасап, бөлменің жалдау ақысын 5 мың теңгеге арзандатқан.
Балалар үйінде өскен Нинаның жеке меншік баспанасы жоқ. Балалар үйі түлегі ретінде заң бойынша жалға берілуі тиіс әлеуметтік пәтерді алмаған. Оның айтуынша, ешқандай құжаты жоқ, шешесін аналық құқынан айырған.
18 жасында тұрмысқа шығып, ұлын көрген. Бірақ ішімдікке үйір күйеуінен ажырасып кеткен Нина кейін басқа жігітті жолықтырып, одан қыз тапқан. Қызының әкесі былтыр қаза тауып, келіншек кішкентай балалармен жалғыз қалған.
Аяғы ауыр кезінде ешкім жұмысқа алмаған соң Нина қыс пен көктемде көшеде гитарамен ән айтып көр көрген.
ВОЛОНТЕРЛЕР КӨМЕГІ
Ақпарат құралдары Нина Назаренконың ауыр жағдайы туралы хабарлағаннан кейін келіншекке көмектескісі келген жандар көп болған. Әлеуметтік желілерде оған тамақ, киім-кешек салынған пакеттер беріп жатқан, кейін жаңа баспанаға көшіп жатқан сәттері түсірілген фотосуреттер пайда болды.
Бірақ бір айдан кейін Нина Назаренко бұрынғы ескі баракқа қайтып келген. Волонтерлер көшіріп апарған жатаханадағы көрші бөлмедегі ішімдікке салынған кісі жанжал шығарып, мазасын алған. Нинаның айтуынша, бөлмені жалдау ақысы да қымбат – 55 мың теңге болған.
– 300 мың теңгені Алматыдан бір ер кісі әкеліп беді. Ал қалғанын көшеде ән
айтып жүргенде босанғаннан кейін баспанаға төлеймін ғой деп жинап жүргенмін. Қайырымды жандар ақша әкеліп берді, – дейді Нина Назаренко.
Азаттық тілшісі Нина Назаренкоға көмектескен кейбір волонтерлерді әлеуметтік желілерден іздеп тапты. Толық аты-жөнін айтудан бас тартқан Александра деген әйел «волонтер емеспін, жеке азамат ретінде көмектестім» дейді. Оның айтуынша, Нина ауруханада жатқанда екі баласы бір апта осы кісінің үйінде тұрған.
Александраның айтуынша, Нина мен балаларына жиналған көп киім-кешектің дәл келмегендері тұрмысы нашар тұрғындарға арналған қоймаға өткізілген.
Нина перзентханада жатқанда да қайырымды адамдар көмектескен. Олар келіншекке тамақ әкеліп тұрған, «перзентханадан шығарып аламыз, кейін жаңа туған нәрестеге тиесілі жәрдемақы алу үшін қалаға тіркеуге отыруға көмектесеміз» деп уәде еткен.
БАРАК
Ксюша мамырдың 12-сі күні дүние келген. Нина Назаренко «қызымның дені сау, бәрі жақсы» дейді. Үйінде төрт жасар ұлы мен бір жарым жастағы қызы күтіп отырған келіншек перзентханадан шығуға асығады. Анасы ауруханада жатқан кішкентай балаларды көрші әйел қараған.
Нина балаларымен бірге Астана қаласының шетіндегі Лесозавод ауданындағы ескі барак үйдің бір бөлмесін 25 мың теңгеге жалдап тұрып жатыр. Нинаның айтуынша, үшінші баласы туған соң қожайын жеңілдік жасап, бөлменің жалдау ақысын 5 мың теңгеге арзандатқан.
Балалар үйінде өскен Нинаның жеке меншік баспанасы жоқ. Балалар үйі түлегі ретінде заң бойынша жалға берілуі тиіс әлеуметтік пәтерді алмаған. Оның айтуынша, ешқандай құжаты жоқ, шешесін аналық құқынан айырған.
18 жасында тұрмысқа шығып, ұлын көрген. Бірақ ішімдікке үйір күйеуінен ажырасып кеткен Нина кейін басқа жігітті жолықтырып, одан қыз тапқан. Қызының әкесі былтыр қаза тауып, келіншек кішкентай балалармен жалғыз қалған.
Аяғы ауыр кезінде ешкім жұмысқа алмаған соң Нина қыс пен көктемде көшеде гитарамен ән айтып көр көрген.
Your browser doesn’t support HTML5