Үздік үш комментарий

Көрнекі сурет.

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (17–23 қыркүйек) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


РАХЫМЖАН, МАҢҒЫСТАУ

Қалайша биліктің жасаған қылмысына оппозициядағы азаматтар кінәлі болады?
Билік халықты қырарын қырып алып, оппозициядағы азаматтарға сен кінәлісің дейді. Бұл ақылға сия ма?

Наразы халыққа барып хал жағдайын сұрап қолдау көрсету, проблеманың шешу жолдарын қарастыру, халықтың жан айқайын билікке жеткізу оппозицияның, жалпы кез-келген саясаткердің тікелей міндеті. Міндетін атқарғаны үшін кінәлі ма?

Ал қанды қол қарақшы билік жеті ай ереуілде тұрған халықты көзінің қиығына да ілген жоқ. Ақыры билік халықты қырып тынды.

(«Тыңдалған телефон әңгімелерін тыңдаған күн» атты мақалаға жазылған пікір)


МАРАЗЫМ КРЕПШАЙЫТОВ, ыЗаКО

Ағаңыз сол жұмыртқалардың жүнін қырқуды ұмытпасын, өзі отырғызған облыс әкімдерінің бәрін сұлу мұрт жасауға керек болады

(«Жанды сұрақтардың жансыз жауаптары» атты мақалаға жазылған пікір)


АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Патша мен сұлтан кездесті
Кездескенде не десті:
ТС деген бұл бір ат
Кім мінді, ал кім мінгесті?

Кім кімнің досы, сүйгені
Кім-кімнің шоқпар-сүймені?
Мырза кім? Кучер? Сүйрер кім
ЕЭП деген күймені?

Айырдым: кім дос, кім бөтен.
Жасасын біздің нұр көсем!
Қытайлық сланси орнына
Ресейлік галош сүйретем
(Орысша білмес ұлымды
«Іздірәсти» деуге үйретем).

(«Қазақстанға франшиза басқа елдер арқылы келеді» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар,

Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.