Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (01 – 06 қазан) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.
УӘЛИХАН ҚАЙСАР, АСТАНА
Адам президент болу үшін Қасым мен Хақназардай жат елге айбатты, Абылайхандай мәмілегер, Кенесарыхандай қазақтың абыройын басқа ұлттарға бастырмайтын және иманды, білімі мен білігі мол, діни ислам қазақ азаматы болу керек... Лас саясат таза жүрекпен тазаланса – онда билік әділ болады!
(«Уәлихан Қайсардың онлайн-конференциясы» кезінде айтқан жауабынан)
Ф.Л.УРАЛ
Михаил Саакашвили ақылды адам. Ол өзінің тарихқа жақсы атпен кіргенін қаласа Путиндік жолмен жүрмейді. Ол өзіне тән сай саяси ойын өрнегін көрсете білді. Ендігі мәселе Михаил Саакашвилиден кейінгі кезің қандай болмақ, кейінгілер оның жасағандарын жоққа шығарып, елді қайтадан Ресейге қарай бұрып жібермейді ме деген мәселеге келіп тіреледі.
(«Грузияның таңдауы» атты мақалаға жазылған пікір)
FOR УМ
Астана – жұмақ бағы емес. Өйткені, оның қызығын тек бастықтар, бай-бағландар ғана көреді. Бұрын «Біз қызығын көре алмайтын Астананың не қажеті бар» деп ойлаушы едім, енді қазір тіпті мүмкіндігім болса да, сол қалада тұрмас едім дейтін болыппын.
(«Астанаға ғашық Топоровский коррупцияға ашулы» атты мақалаға жазылған пікір)
P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.