Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (21 – 26 қаңтар) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.
АЙНҰР, АСТАНА
Ата-аналар дәрілердің сапасына алаңдайды. Вакцинадан соң сал болып қалған балаларды естігеннен соң екінің бірі оған тәуекел ете қоймас. Осыдан біраз жыл бұрынғы Шымкенттегі жағдайды ел әлі есінен шығара қойған жоқ. Халықтың қазіргі жағдайы "былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынадының" кері.
(«Вакцинадан бас тартудың әртүрлі себебі айтылды» атты мақалаға жазылған пікір)
ЕСЕНҒАЛИ, ҚОЖА ЕЛІНЕН
Қылтимада тұрып шаптырманы тамашаладым.
Қылтима - балкон,
шаптырма – фонтан.
Әлемнің барлық халықтары түсінетін сөздерді өзгертудің қандай қажеті бар? Біле білген адамға бұның бәрі ысырапшылық емес пе?
(«Депутат орыс тілін «қоқыстан» тазартуды ұсынды» атты мақалаға жазылған пікір)
ҚУАНДЫҚ, МАҢҒЫСТАУ
Салған үй кұлап, сотқа кірпішті , құмды, цементті шақырыпты. Кірпішке «кінә сенен» деп сараптама жасапты, сөйтсе кірпіштің сапасы жақсы болып шығып, ақталып кетіпті. Келесі сараптаманы құмға жасаса, оның да сапасы жақсы болып, соттан ол да құтылып кетіпті. Сөйтіп цементке кезек жетіпті. Қане, цемент, кінәңді мойында десе, цемент «менің бұл жерде ешқандай қатысым жоқ, себебі мен бұл жерде мүлде болған жоқпын» деп жауап беріпті.
(«Бесобаны» салғандар рақымшылыққа ілінді» атты мақалаға жазылған пікір)
P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.