Үздік үш комментарий

Көрнекі сурет.

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (4 – 9 ақпан) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


ҚАРЛЫҒАШ, АЛМАТЫ

Нұр-ағамыз жасасын! Біздің әскерилер жақсы тамақтанып жүр Елбасының арқасында.

Ресей сарбаздары тамақтан құрт шыққанын айтты» атты мақалаға жазылған пікір)


DULAT AMANJOL, ABAI.KZ

«Бүтін халықты ешкім де қорқынышта ұстай алмайды, тұтас жұрттың өзі соған сеп болмаса» - дейді белгілі журналист Эдуард Мэрроу. «Американдықты американ еткен - баспасөз» деген тәмсіл және бар. Ең бастысы, баспасөз - атқарушы биліктің, лауазымгер шенеуніктің, құрылтайшының, медиа-холдингтің меншігі емес. Халықтың меншігі. Мемлекеттің бюллетені емес, дүйім жұрттың жаршысы!

Министрлік аймақтық газетті жабу себебін айтты» атты мақалаға жазылған пікір)


ЕСЕНҒАЛИ, ҚОЖА ЕЛІНЕН

Музыка мәдениетке, ұлт пен дінге қарамайды.
Рахмет, композитор Дэвид ФУЛМЕРГЕ!

Америкалық композитор Жаңаөзенге реквием арнады» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.