Қазақстанның адвокаттар алқасы конституцияда адвокаттар тәуелсіздігін жеке бөліп жазу, азаматтардың кәсіби заңгер көмегіне еркін жүгіну құқығын енгізуді ұсынды. Кейбір ұсыныстар полицияның азаматтарды санкциясыз ұстау мерзімін 48 сағатқа қысқартуды көздейді (қазір ол – 72 сағат). Сонымен қатар, ұсталған азаматтың жауап бермеу құқығын сақтау, адвокаттарды күдіктіні қорғау кезінде, іс барысында белгілі болған жайттарға байланысты тергемеу мәселесін көтерген. Адвокаттар бұған қоса, прокуратураның өкілеттіліктерін азайтуды сұрайды. Олар прокурорлардың тек қылмыстық істерге қатысуы дұрыс деп есептейді.
Адвокаттардың бұл ұсыныстарын конституцияға енгізудің қажеттілігі неде? Заңгерлер неге қазіргі «Адвокат қызметі туралы» заң құқықтарымызды қорғай алмай отыр деп ойлайды?.
Осы және өзге де сұрақтарға орыс тілінде өткен AzattyqLIVE хабарында заңгер, адвокат Бақтияр Ғалымжанов жауап берді.