Бүгінгі бағдарлама сарапшысы - денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы департаменті басшысы Зиядин Ағыбетов.
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда қарияларға арналған медициналық-әлеуметтік арнайы мекемелерде төрт мыңнан астам азамат тұрады. «Зейнетақы туралы» және «Мүгедектiгi, асыраушысынан айырылуы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңдарға енгізілген жаңа өзгерістерге сай енді қарттар үйінде тұратын әр зейнеткердің пенсиясынан 70 пайыз мемлекет есебіне ұсталып отырады. Бұл жаңалық қарттар үйіндегі кейбір қариялардың наразылығын туындатып, олар Азаттыққа президент Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазғандарын хабарлаған еді.
Оқи отырыңыз: Қарттар үйіндегілер зейнетақыны қысқартуға наразы
Осы ретте оқырман және Азаттық сауалдарына зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар мәселесі бойынша әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы департаменті басшысы Зиядин Ағыбетовке жауап берді.
Your browser doesn’t support HTML5