AzattyqLIVE: Журналистерге қысымның себептері

Журналистер жұмыс үстінде. (Көрнекі сурет)

AzattyqLIVE хабарында Қазақстандағы журналистерге және ақпарат құралдарына қысым жайы талқыланды. Хабар қонағы саясаткер Әміржан Қосанов болды.

Қазақстан журналистер одағының төрағасы әрі ұлттық баспасөз клубының басшысы Сейітқазы Матаев 22 ақпан күні уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған коррупциялық айыптар тағылғаны туралы ақпараттар тарап жатыр.

Your browser doesn’t support HTML5

Журналистерге қысымның себептері неде?

Елде БАҚ өкілдері бұған дейін де әлденеше рет істі болған.

2015 жылдың соңында Nakanune.kz сайтының бірнеше журналисі қамауға алынып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. «Есірткі сақтады» деп айыпталған журналист Юлия Козлованың соты әлі өтіп жатыр.

Ал «Жас Алаш» газетіне қатысты 2015 жылдың қазанында басталған, «Жас-Ай» медицина орталығының басшысы Жасан Зекейұлының шағымымен қозғалған іс газетке және газет авторларына 40 миллион теңге айыппұл салуға себеп болған. Бұл іске байланысты апелляциялық сот отырысы ертең өтеді.

Соңғы уақыттарда тәуелсіз БАҚ-қа байланысты әртүрлі айыптаудың жиілеуі неліктен? Күдікке ілінге журналистер мәлімдеп жүргендей «мұның саяси астары» жоқ па? Қазақстан журналистер одағының басшысының тергеу изоляторына қамалуы журналистер қауымдастығына қалай әсер етті? Журналистердің билік органдарына жолдаған петициясынан нәтиже шығуы мүмкін бе?

Осы және өзге де сауалдарға журналистерге байланысты сот отырыстарына тұрақты қатысып жүрген саясаткер Әміржан Қосанов жауап берді.

Your browser doesn’t support HTML5

AzattyqLIVE: Журналистерге қысым жасау себептері