Тіркеу төңірегіндегі заң өзгерістері мен көші-қон комитетінің қайта құрылуы оралмандарға қалай әсер етеді? AzattyqLIVE тақырыпты қоғам белсендісі Рақым Айыпұлымен талқылады.
Қаңтардың 7-сінде күшіне енген "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда азаматтарды тұрақты және уақытша тіркеу талабы бар. Ол талапты бұзғандарға әкімшілік жаза да қарастырылған. Сонымен қатар, жыл басында Қазақстанда президенті қаулысымен көші-қон қызметі комитеті қайта құрылды.
Рақым Айыпұлы бүгінгі хабарда «Уақытша тіркеу талабының оралмандарға қатысы қандай? Бұл тараптағы шетел тәжірибесі ескерілген бе? Қайта құрылған көші-қон қызметі комитеті оралмандардың құжаттық, әлеуметтік мәселелерін қалай шеше алады?» деген сауалдарға жауап берді.