ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге үміткер болған Бельгияның басылымдары «ақшасы мен мұнайы көп қаланың» жеңісі туралы жазып жатыр.
Бельгиядағы RTBF ақпарат агенттігі сайтында «EXPO-2017: Астана жеңісіне қуанады, Льеж жеңіліске мұңаяды» атты сараптамалық материал жариялады. Мақала:
- Льеж қаласы бүкіләлемдік көрмені өткізу құқығынан айырылды. 2017 жылғы ЕХРО көрмесінің өтер орнын таңдайтын сәтте «мұнай жеңіске» жетті, - деп басталады.
«ҚАРЖЫСЫ КӨП ҚАЛАНЫҢ ЖЕҢІСІ»
Агенттік «Льеждің жеңіске жетуге мүмкіндігі мол болды. Географиялық орны, ірі шараларды ұйымдастыру тәжірибесінің молдығы, билік пен халықтың қолдауы сияқты факторларды ескерсек, Бельгия жеңіске жетуі тиіс еді. Бірақ таңдау жасағанда екі елдің (Бельгия мен Қазақстан - ред) көрмені өткізуге бөлген қаржысы шешуші рөл атқарып кетті» дейді.
Агенттіктегі дерекке сүйенсек, Льеж қаласы EXPO-2017 көрмесін өткізуге Астанамен салыстырғанда екі есе аз қаржы жұмсайтынын мәлімдеген.
- Қазақстан көрмені өткізуге 1 миллиард 200 миллион доллар бөлетінін жариялады. Ал Льеж қаласы бүкіләлемдік көрме бюросына кандидатурасын ұсынғанда ЕХРО-ны 600 миллион долларға өткізуге дайын екенін айтты. Льеж ақшаны аз бөлгенімен, көрмені ойдағыдай өткізуге мүмкіндігі жететін еді, - деп жазады RTBF.
RTBF «Формула-1» автожарысын, «Тур-де-Франс» веложарысын, 2000 жылғы футболдан Еуропа чемпионатын өткізген Бельгияға бұл жеңіліс ауыр соққы болды» дей келе:
- Астана 2017 жылы өтетін көрмені дұрыстап өткізуге тырысады. Бұл елде газ, мұнай, ақша жеткілікті, - деп жазған.
Ал Рroxi Liege («Прокси Льеж») басылымы «Қош бол, EXPO-2017» деген материалында «Өкінішке орай, Льеж жеңілді. Бұл қаланың даму деңгейінен хабар береді. Демек, қаланы дамытуды қайта қарап, жаңа жобаларды жүзеге асыру керек. Ал жеңіске жеткен жас Астанаға сәттілік тілейміз» деп жазған.
«ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚОЛДАУЫ БОЛҒАН ЖЕРДЕ ЖЕҢІС ТЕ БОЛАДЫ»
Брюссельде шығатын «Levif» газеті «Президенттің қолдауы болған жерде жеңіс те болады» деп жазды.
- Бельгияның мұндай ірі шараларды өткізу тәжірибесі мол. Бірақ бұл жолы тәжірибе керексіз болып қалды. Астана – Қазақстан президентінің жобасы. Демек, президенттің қолдауы жақсы. Мұны дауыс беру рәсіміне Қазақстан президентінің арнайы келіп қатысуынан аңғаруға болады, - дейді басылым.
«Levif» газеті Парижде өткен дауыс беру рәсімінде Қазақстан делегациясының адамдары көп болғанын және Нұрсұлтан Назарбаевтың осы рәсім қарсаңында Францияға арнайы сапармен келгенін жазды. Көрме өтетін қаланы анықтау (дауыс беру - ред) рәсімі Франция астанасы Парижде қарашаның 23-і күні өтті.
«Қорытынды шығар кезде Қазақстан президенті келді. Ал Бельгия басшысы келмеді» дейді басылым .
Льеж қаласының жеңілісі мен Астананың жеңісі Бельгиядағы қарапайым тұрғындар арасында да қызу талқыланып жатыр.
Мария Клаудия есімді Бельгия азаматы RTBF ақпарат агенттігінің форумында «Астанада ақша бар. Ал ақша бар жерде жеңіс бар» дейді.
Анна Пассрате есімді бельгиялық «Қазақстан Бельгиядан төрт есе үлкен, Льеж – Бельгиядағы экономикасы орташа қала. Ал Астана - Қазақстанның орталығы. Бұл елдің мұнайы көп. ЕХРО өткізуге Брюссельді (Бельгияның астанасы - ред) ұсынғанда біз жеңіске жетер едік» деп жазады басылым форумында.
Кристиан Эрман есімді Бельгия азаматы «Бұл - мұнайдың, газдың жеңісі» деп бағалапты.
Лаурент есімді бельгиялық «Льеждің жеңілгеніне қуанамын. Себебі, осы көрмені өткізуге кететін миллиондаған ақшаны басқа мәселелерді шешуге жұмсағанымыз жөн. Ақшаны халықтың жағдайын жақсартуға жұмсайық» дейді.
Көрме 2017 жылы Астанада шамамен үш ай уақыт өтеді. Болжам бойынша, Астана қаласына 5 миллионнан астам қонақ келмек.
EXPO-2017 көрмесіне Қазақстан ұсынған "Болашақтың энергиясы" тақырыбындағы роликті мына жерден көре аласыз. Видеоролик Youtube желісінен алынды.
http://www.youtube.com/embed/fQKRbBBv-I0
Қадірлі оқырман, мақаланы автордың Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында да талқылай аласыз.