Үздік үш комментарий

Интернет клубта Азаттық веб сайтына қарап отырған жігіт. Алматы, 2 мамыр 2012 жыл.

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (23-29 шілде) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

ЫЗАЛЫ МАҢҒЫСТАУЛЫҚ

Егер Назарбаев өзінің ақ-адал маңдай терімен тапқан ақшасына тамақ ішсе немесе әкесі Әбіштен мол ақша мұраға қалған болып, сол ақшасын тамаққа жұмсаса ешкімнің де дауы болмас еді. Тіпті, бизнес жасап тапқан ақшасы болса да әңгіме жоқ.

Ал егер ол ақша бюджеттің есебінен, яғни, халықтың есебінен болса ше? Қаншама адам ақшасы жоқтықтан ашқұрсақ жүр, қаншама бала дұрыс киімі жоқтықтан қатарларынан ұялып мектепке бара алмай отыр, қанша жас жігіттер мен қыздар жұмыс жоқтықтан көшеге шыға алмай үйлерінде отыр - олардың жағдайын ойлайтын тірі пенде қалды ма өзі осы мемлекетте?

Ұлтымның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін деген, адал сүт емген пенде табыла ма енді? Әлде, осы құрдымға кеткеніміз кеткен бе?

(«Назарбаевтың Түркиядағы түскі асы 34 мың доллар тұрды ма?» атты мақалаға жазылған пікір)

КУХНЯ ҚОБЫЛАНДЫСЫ

Бір Челахтың ісі - қырық ру қазаққа жүк.

(«Челах ісінде» бір жақ баласын кінәсіз, екінші жақ - әлі тірі деп сенеді» атты мақалаға жазылған пікір)

ҚАРАКЕСЕК-ТІЛЕУБАЙ, АСТАНА

Қазақстандықтар олимпиаданы жақсы бастады. Винокуровтыкі нағыз ерлік. Қазақстандықтар 5-6 алтын алады деп ойлаймын. Құттықтаймын.

(«Винокуров: Олимпиададан кейін бапкер боламын» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар,

Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.