Үздік үш комментарий

Көрнекі сурет

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (06 – 12 тамыз) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Алтайда мал айдап бара жатқан қазақтың суреті керемет екен. Қайран Қытайда кеткен қазақтың жері-ай. Енді көрмейміз. Бүркітбай, Сұлубайлар, Оспан мен Зуқалар өскен жерді көріп көзіме жас келді.

(«Шығыс дәстүріндегі қарсылық әндер» атты мақалаға жазылған пікір)

ДАЛА ҮНІ

Қазақстанның алған 6 алтын медалі кәзіргі жүйенің шын келбетін белгілі уақытқа дейін жасыра тұратыны қандай өкінішті. Енді билік осы жеңісті жыр қылып айтып өздерінің керемет жетістіктерге жеткенін осымен байланыстырады. Мақтанғанда аспан айналып жерге түскендей болар, экономикада осы алтындай дамып кеткенін айтудан жалықпайтын бір ақымақ табылар.

(«Несіп Жүнісбаев: Тағы да алтын алуымыз мүмкін» атты мақалаға жазылған пікір)

АУЫЛДЫҢ ҚАЗАҒЫ, АЛМАТЫ

Қандай аянышты, қасіретті тағдыр! Қазақ ұлтының бар қияметін бір Абай атамыздың ұрпағына үйіп-төгіп, аямастан бере салған екен...
Сонысымен де Ұлы Абай мәңгілік тірі!

(«Абай ұрпақтары қалай қудаланды?» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар,

Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.