2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында төрт алтын, екі күміс, екі қола медальмен жалпы есепте 1-орын алған Қазақстан бокс құрамасы 15 қазан күні Дохада (Катар) аяқталған әлем біріншілігінде екі күміспен жалпы есепте 8-орынға түсті.
Ал 17 қазан күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 34-кездесуінде жеңіске жетіп, кәсіпқой бокстағы әлем чемпионы атағын қорғап қалды.
Қазақстан бокс командасының Дохада 8-орынға сырғуының себебі, Қазақстан боксшыларынан Рио-де-Жанейро олимпиадасында үміт күтуге болатын-болмайтыны жайындағы сұрақтарға Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Тұрсынғали Еділов жауап берді.
Your browser doesn’t support HTML5
Your browser doesn’t support HTML5