Қостанайдағы аяқ киім фабрикасы балалар аяқ киімін тігуді жоспарлап отыр. Қазақстанның кейбір өндірушілері балаларға арналған аяқ киімді нарыққа шағын партиямен шығарып жатыр.
Осыдан бір жыл бұрын Алматыда балалар аяқ киімін шығаратын цех іске қосылды. Онда істейтін жеті адам айына 200 аяқ киім тігеді. Serif компаниясының іргесін қалаған және директоры Айжан Тіленбекованың айтуынша, бұл компания – балалар аяқ киімін ғана шығарумен айналысатын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын.
«БАҒАСЫ ОРТАША ТАУАР»
Айжан Тіленбекова өз кәсібін 100 мың теңгеге аяқ киім тігуге арналған төрт машина сатып алудан бастағанын айтты. Кәсіпкер әйел бұл бизнеске 50 мың доллар ақша жұмсапты.
Айжан Тіленбекованың айтуынша, балалар аяқ киімін шығару идеясы Қазақстан нарығында бағасы орташа балалар аяқ киімінің тапшылығынан туған.
– Біздің нарық Қытайдың арзанқол, сапасы төмен тауарына толы. Түрік өндірушілерінің өнімі де көп. Кеден одағына кіргелі Ресей тауар өндірушілерінің нарығына ене бастадық. Бірақ Қазақстан бәсекеге төтеп беретіндей сапалы ештеңе ұсына алмаған соң нарықтағы балалар аяқ киімінің бағасы да өсті, – дейді Айжан Тіленбекова.
Кәсіпкер әйел Алматыдағы цехты ашқанға дейін Қазақстанға Беларусьтен балалар аяқ киімін тасымалдаумен айналысқан. Айжан Тіленбекованың айтуынша, бұл
компанияны интернеттен баласына аяқ киім іздеп отырып тауыпты. Бірақ Беларусьтегі қаржылық дағдарыстан кейін доллар күрт қымбаттап кеткендіктен бизнестің бұл түрінен бас тартуға тура келіпті. Ақыры «шеттен тасып сатудың орнына балалар аяқ киімін өзіміз шығарғанымыз жөн» деген шешімге келіпті.
– Қазақстанда былғары, тері, киіз сияқты шикізат қоры мол. Еліміз мұндай мүмкіндікті тиімді пайдаланып, сапалы былғары өнімдерін шығаруы тиіс, – дейді Айжан Тіленбекова.
Кәсіпкер әйел «2013 жылы компанияның өндіріс көлемін ұлғайтып, Қазақстанның аймақтарына шықсам» деп үміттенеді. Ал әзірше Алматы мен Астана қалаларында компанияның Serif маркалы аяқ киім сататын екі нүктесі ғана бар.
Өз өнімінің құнын Айжан Тіленбекова «орташа бағалы тауар» деп атайды. Жаздық жеңіл аяқ киімді 4 мың 500 теңгеге, кішкентай қыздарға арналған «балетка» 5 мың
теңгеге, ал ұл балалардың қонышсыз бәтіңкелерін 6 мың теңгеге сатып алуға болады.
– Сатып алушылар бізді жылы ықыласпен қарсы алды. Өйткені жұрт Қазақстанда шығатын өнімдерді сағынып қалыпты. Егер қандай да бір үлгіге деген сұраныс деңгейі түсіп кетсе, дайын өнім қоймада жатып қалмас үшін оны тігуді бірден тоқтатамыз. Әзірше нарықтың беталысын бақылап отырмыз. Қазақстандық тұтынушының сұранысына қарай эстетикалық тұрғыдан келісті және ұзақ киіс беретін сапалы өнімнің ассортиментін іздеп жатырмыз. Солтүстік облыстардың халқына қарапайым үлгідегі, ал оңтүстік жұртына бірден көз тартатын аяқ киім ұнайды, – дейді Айжан Тіленбекова.
MADE IN KAZAKHSTAN
2013 жылы Қостанайда балалар аяқ киімін шығаратын ірі өндіріс орны іске қосылмақ. «Алпамыс» аяқ киім фабрикасының президенті Алмагүл Сәуденова
кәсіпорын балалар аяқ киімін шығаруға қазірдің өзінде әзір екенін, таза тері мен былғарыдан тігілетін аяқ киімнің жаздық-қыстық үлгілері де дайын тұрғанын айтты.
– Бағасы Қытайдың аяқ киімінен қымбат болады деп ойламаймын. Шамасы, ТМД елдеріндегі бағамен деңгейлес болатын шығар. Баға жағынан ТМД елдерінің өндірушілерімен бәсекелесе аламыз , – дейді Алмагүл Сәуденова.
«Алпамыс» фабрикасы ұзақ жылдар бойы Қазақстанның қарулы күштері, құқық қорғау органдары мен ірі компаниялардың тапсырысы бойынша арнайы аяқ киім шығарып келеді.
– Арнайы аяқ киім шығару өндірісіндегі орнымыздан айырылмаймыз. Бірақ нарықтың жаңа көздерін игеруді де көздеп отырмыз, – дейді Алмагүл Сәуденова.