Азаттық веб-сайтында онлайн режимде өтіп жатқан Чат-Айтыстың 1/4 финалы аяқталды. Енді айтыстың жартылай финалы басталады.
Чат-Айтыстың екінші кезеңінде оқырмандар берген дауыс арқылы алматылық Шыңғыс Маман мен Сарыбала, ақтөбелік Мұсағали Тасқалиев пен шымкенттік Әуелхан Шонжан жеңіске жетті.
ЕҢ КӨП ДАУЫС ЖИНАҒАН АЙТЫСКЕР
Чат-Айтыстың алғашқы кезеңінде оқырмандардың дауыс беруі бәсең болған еді. Мәселен, айтыстың алғашқы кезеңінде ең көп ұпай жинаған Шыңғыс Маманға оқырмандар тарапынан 40 дауыс берілген болса, 1/4 финалда Сарыбалаға Азаттық
оқырмандары 151 дауыс берген екен. Ал Сарыбаланың қарсыласы Тұрсынбай Жайымбетов 66 ұпай жинады.
Оқырмандар тарапынан қызу пікір талас тудырған да - Сарыбала мен Тұрсынбайдың айтысы.
«Негізі, Сарыбала дұрыс бастаған. Екі шумаққа қарсыластың алыс емес жерлес, туыс екендігін, Азаттыққа айтысуға қайта шығып тұрғанын, Тұрсынбайдың бұрындары да өлеңге жақын екендігін, отбасылық өмірдің өзіне беймәлім екендігін (бойдақ болса керек) ұтымды сыйғызған. Ағаларың ретінде ризашылығымды білдіремін. Алдарыңнан жарылқасын. Жақсы жоба. Абайдың «Өлеңге әркімнің ақ бар таласы» дегені осы шығар. Байқасам, Сарыбала келешекте асықпай жазба өлеңге ой жүгіртсе, терең мағыналы дүниелер жасай алатын сияқты» деп баға береді Азаттықтың Әлтаев есімді астаналық оқырманы.
Гүлзат Уәлиева есімді оқырман: «Сарыбала жеңімпаз болғанда есімімді жариялаймын десе, біз өзімізше бал ашып көрелік. «Ыбырай Алтынсарымын» деп жырлайтын Иранғайып Күзембаев емес пе екен деген ой келді. Себебі оған қатысуға тыйым салынған еді ғой» деп жорамал жасайды.
«САҚАЛҒА ҚАРСЫ НАУҚАН БАСТАЛҒАЛЫ...»
Оқырмандар тарапынан бұдан кейінгі көп талқыланған және ұпай жағынан да көп дауыс жинаған – Мусағали Тасқалиев пен Жанболат Қайырденовтің айтысы.
- ...Сақалға қарсы науқан басталғалы
Елдегі вахабистер сасып жатыр.
Бәрін өзің білесің, жерлесім-ау
Жемқорлар шетел асып, қашып жатыр.
Түбі бәрі оңалар деп сеніммен,
Қараның мейманасы тасып жатыр, - деп бастаған қарсыласына Мұсағали:
– ... Ақтөбеде тұратын менен Жәке,
Оралдың жаңалығын тоспас болар.
Сақалға қарсы науқан басталғанмен,
Шын мұсылман ештеңеден саспас болар.
Бірді айтып, бірге неге кетіп калдың,
Ақын деген жауаптан қашпас болар, - деп қайымның шартымен жауап береді.
Бұл айтыста Мұсағали Тасқалиев қарсыласынан 64-27 есебімен басым түсті. Алайда «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы Мұсағали Тасқалиев жазылым ұйымдастыру бойынша жоспарланған іссапарға шыққандықтан, айтыстың келесі кезеңіне қатыса алмайтынын айтып, өкініш білдіріп хат жазды. Оның орнына ширек финалда жеңілгендердің ішінде ең көп дауыс жинаған Тұрсынбай Жайымбетов жартылай финалға шықты.
ЕКІ АЙНАЛЫМДА ДА 40 ДАУЫС ЖИНАҒАН АҚЫН
Чат-айтыстың бірінші кезеңінде 40 ұпаймен ақындардың көшін бастаған Шыңғыс Маман бұл жолы да оқырмандар тарапынан 40 дауыс алыпты. Ал қарсыласы
Асылбек Есжан әуелгі кезеңде оқырмандар тарапынан 9 ғана дауыс алса, ширек финалда 29 ұпай жинаған. Асылбек Есжан бұған дейін де аудандық, облыстық айтыстарда бақ сынап, жүлделі орындардан көрінсе, Шыңғыс өзінің ақындық қабылетін Азаттықта алғаш рет сынап отыр.
– Жұрт алдында жеңілген жүйкесімен,
Уайымдайды «жеңілдім, мойында» деп.
Жанкүйері жанынан табылады,
«Келесі де жеңерсің, аянба» деп.
Інішек, сөз саптауың жаман емес,
Келтіріп отырсаңшы қайымға тек, - деп, Шыңғыстың ақындық қабілетін қарсыласы Асылбек те мойындайды.
Ақындарға «спорт» тақырыбы берілген болатын. Шыңғыс бұл тақырыпты былайша жырлапты:
– ...Жеті алтын алдық біздер, аз-ақ емес,
Алтауын алды басқа - қазақ емес,
Шырқалды, желбіреді ҚАЗАҚСТАН
Біз үшін бұл - қуаныш, азап емес.
Тек қазақтар баратын болса егер,
Жеті алтын алынбайды - ғажап емес.
Қанымызда туысқандық көп болып тұр,
Айтқан сөзім шындық қой, мазақ емес.
«БІЛЕМІН, БҰЛ БИЛІКПЕН ДОС ЕМЕССІЗ...»
Чат-Айтыстың алғашқы кезеңінде жастармен сөз сайыстырған Әуелхан Шонжан мен Нағашыбай Есмырзаев оқырмандар тарапынан қолдауға ие болып, екінші
айналымға өткен еді. Қарсыластары жас болғандығынан «өздерінің көсіле шаба алмағандықтарын» айтқан екі айтыскерді айтыстың ширек финалында өзара жұптаған болатынбыз. Ақындарға «Достық» тақырыбы ұсынылған еді:
– Ареке, бекем біздің достығымыз,
Ұлтымыздың білемін, қос «құлымыз».
Күрес жолын бірақ та таңдағанда,
Білінеді аз-маздау «бостығымыз» ,
Білемін, бұл билікпен дос емессіз,
Озбырлығын айтумен бір келесіз.
«Күресейік» дегенге осы «доспен»,
Келісе алмайды екем, не десеңіз...
Күш қайда шығатын «шаршы алаңға»,
Серке қайда салатын бір табанға? - деп бастаған Нағашыбай Есмырзаевқа қарсыласы Әуелхан Шонжан қайым айтыстың шартымен:
- Күш қайда шығатұғын «шаршы алаңға»,
Серке қайда салатын бір табанға?
«Табансыз», «соғыссыз да» бар-ды тәсіл,
Қазақты қырғызбай-ақ барды амалда, - деп жауап беріпті.
Бірінші Чат-Айтыстың жартылай финалға шыққан қатысушылары мынадай ретпен сөз сайыстырмақ:
Шыңғыс Маман – Сарыбала
Тұрсынбай Жайымбетов – Әуелхан Шонжан