Ауғанстаннан НАТО әскері шығатын уақыт таяп келеді. Осы апта Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде қауіпсіздік мәселесі басқа қырынан талқылануы мүмкін.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) жиынына Ресей, Қытай және Орталық Азияның бұрынғы советтік елдері қатысады. Азаттық тілшісі Рон Синовиц АҚШ-тағы Джорджтаун университетінің дипломатиялық мектебі деканының орынбасары, қытайтанушы профессор Джеймс Рирдон-Андерсонмен ШЫҰ саммиті мен Орталық Азиядағы геосаяси өзгерістер туралы сұхбаттасты.
Азаттық: 2014 жылдың соңында Ауғанстаннан НАТО әскері шығарылып, Ресей мен Орталық Азия арқылы Ауғанстанға НАТО әскері барған жол жабылады. Вашингтонның Мәскеуге деген көзқарасын ескере отырып, бұл оқиға Орталық Азиядағы геосаяси қарым-қатынастарға қалай ықпал етеді деп ойлайсыз?
Рирдон-Андерсон: Американың Ауғанстандағы әскери миссиясының аяқталуы мен НАТО әскерінің Ресей және Орталық Азия арқылы Ауғанстанға барған жолының жабылуы аймақтағы жағдайға әртүрлі әсер етуі мүмкін. Әскер шығарылып, жол жабылғаннан кейін АҚШ-ты Ресейге тәуелді қылған бір мәселе жойылады. АҚШ Ауғанстандағы әскерді осы тасымал желісі арқылы жабдықтау үшін Ресейдің қабағына қарап келген еді. Енді бұл жолдың жабылуы, яғни әскерді жабдықтау қажеттілігінің болмауы әлемнің осы аймағындағы халықаралық саясатты өзгертеді.
Азаттық: Кейбір сарапшылар «бұдан соң Орталық Азияда «жаңа үлкен ойын» басталады, оған АҚШ қатыса алмайды» деген болжамдар айтады. Бұл болжамға қатысты пікіріңіз қандай?
Рирдон-Андерсон: Орталық Азияда «жаңа үлкен ойын» басталуы мүмкін. Бірақ Америкаға одан гөрі Тынық мұхитының батыс бөлігі мен Шығыс Азиядағы теңіз жолдары маңызды болып тұр. АҚШ президенті Барак Обама Американың бұдан ары Шығыс Азияға көбірек көңіл бөлетінін айтты.
АҚШ-тың ендігі мүддесі - Парсы шығанағынан Үнді мұхиты арқылы Оңтүстік-Қытай теңізіне дейін қауіпсіз тасымал желісін қамтамасыз ету. Бұл - шынымен де назар аударарлық әрекет. АҚШ Оңтүстік Азиядағы ықпалын күштейткісі келеді.
Азаттық: Ресей Түркіменстан және басқа да Орталық Азиядағы бұрынғы совет елдерімен мұнай және табиғи газдың бағасы, оны тасымалдау туралы дауласып қалды. НАТО әскері аймақтан кеткеннен кейін Ресей Орталық Азиядағы геосаясатын қайта бағдарлайды деп ойлайсыз ба?
Рирдон-Андерсон: АҚШ-пен салыстырғанда Ресейдің Орталық Азияға қызығушылығы басым екені анық. Бұл аймақты орыстар да, қытайлар да назардан тыс қалтырмай бақылап отыр. Алайда Ресейдің батыс пен оңтүстіктегі – атап айтқанда, Белоруссия мен Украина және Кавказдағы ықпалы кеміп барады. Ресей негізінен осы аймақтардағы ықпалын күшейтуге тырысқан. Табиғи газды Украина арқылы Батыс Еуропаға жеткізуден Ресейге көп пайда түсетін еді. Севастополь арқылы Қара теңіз порттарына қол жеткізу де Ресей үшін өте маңызды мақсат. Бұл - Орталық Азиямен салыстырғанда айтарлықтай ауқымды мәселелер. Сондықтан Ресейдің қызығушылығы Орталық Азияға тіреліп тұр деп ойламаймын.
Азаттық: Осы аптада болатын саммитте Қытай көрші Орталық Азия елдерімен аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқыламақ деген мәлімет бар. Бішкектегі ШЫҰ саммитінде Қытай қандай мәселелерді қозғайды деп ойлайсыз?
Рирдон-Андерсон: Қытайлар Шыңжаңдағы ұйғыр содырларының Пәкістанда дайындықтан өткенін айтады. Ол әскери базада Ауғанстандағы «Талибан» мүшелері мен басқа да экстремистік топтар жаттыққан. Ұйғыр содырларының Пәкістанда дайындықтан өтетіні Қытайды қатты алаңдатып отыр. Ауғанстаннан НАТО әскерінің кетуі бұл аймақтағы тұрақсыздық қаупін күшейтеді. Пекин үшін «стандардың» жақсы қасиеті (Орталық Азияның 5 елін айтып отыр – ред.) – бұл елдерде салыстырмалы түрде қатал авторитарлық режимдер орнаған. Онысы үшін Қытай бұл елдерді сенімді әріптес танып, ұйғыр бүлігі шыға қалса, шекара арқылы қарудың тасымалданбауын қадағалайды деп сенеді. Ауғанстандағы биліктің, әсіресе Қытайдың Ауғанстан және Пәкістанмен шекарасындағы тұрақтылықтың әлсіреуі осы аймақтағы ұйғырларды бақылауын да қиындатады.
Сұхбатты ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.