26 мамырда, таңертең 52 жасар Қабидолла Шолақов Атырау облыстық прокуратура алдында үстіне бензин құйып, өзіне-өзі от қойды. Оның мұндай жанпидалық әрекетке баруына адам өліміне қатысы бар деген айыппен қамауда отырған ұлы Махамбетті ақтау үшін заң өкілдерінің 15 мың доллар пара сұрағаны себеп болған дейді туыстары.
ДЕНЕСІНІҢ 94 ПАЙЫЗЫ КҮЙІП ҚАЛҒАН ШОЛАҚОВТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Отқа оранған жанкештінің үстіндегі өртті арнаулы өрт сөндіргішпен сөндірген облыстық прокуратура күзетшілері бірден «Жедел жәрдем» шақырған көрінеді. Алайда дәрігерлердің оның туысқандарына хабарлаған болжамы бойынша, Қ.Шолақовтың денесінің 94 пайызы күйіп қалған.
Қазір Қабидолла Шолақов облыстық ауруханада жатыр. Бірақ, реанимация бөліміндегі дәрігерлер науқастың жағдайы туралы «аса ауыр» дегеннен басқа нақты ақпарат айтудан бас тартып отыр. Алайда науқастың туыстары облыста күйік бөлімі жоқ болғандықтан, дәрігерлердің науқастың өмірін сақтап қала алатындарына күмәнді.
- Бізге бір полиция қызметкері телефон шалып, болған оқиғаны хабарлады. Жалма-жан келгенімізде прокуратураның алдын бәрін сыпырып, тазалап қойыпты. Інім Қабидолланы ауруханаға алып кетіпті, - деп мәлімдеді Азаттық тілшісіне Құбайдолла Шолақов. - Біз бірден прокурорды талап еттік. Облыс прокурорының орынбасары Хабибулла Қасымов шығып бізді тыныштандыруға тырысты. Осы оқиғадан кейін іле-шала облыстық прокуратураның кіре беріс қақпасына арнаулы күзет қойылды. Олар прокуратураның ішіне бөгде адамдардың кіріп кетпеуін қадағалаумен болды.
ШОЛАҚОВ ПОЛИЦИЯ СҰРАҒАН СОМАНЫ ТАУЫП БЕРЕ АЛМАЙ ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАҒАН
Жанпидалыққа барған Қабидолла Шолақовтың туыстары оның бұл әрекетін әділетсіз жүргізілген тергеуге байланысты жасаған наразылығы дейді. Оның әйелі Насихат Шолақова күйеуінің мұндай әрекетке баратыны жайлы алдын-ала білмегенін айтады.
- Соңғы бірнеше күн бойы ол мазасызданып, қарызға ақша іздеп жүрді. Құқық органдарындағылардың бірі «15 мың доллар берсе жазықсыз баламызды қамаудан шығарып беретіні жайлы ұсыныс білдірген» көрінеді, - дейді Насихат Шолақова.
Туыстарының айтуынша, не әділдікке жете алмай, не полиция қызметкерлері сұраған 15 мың доллар ақшаны таба алмай тығырыққа тірелген Қабидолла осындай әрекетке амалсыздан барған. Әйтпесе өртенген Қабидолла Шолақов өте салмақты, көп сөйлемейтін, біртоға адам екен.
- Адвокатпен бірге барып марқұм Дархан Олжағалиевті ұрған балалардың өзімен сөйлескен едік. Олардың бәрі облыс прокурорының атына істің мән-жайын баяндап, өздерінің қылмысқа қатыстары бар екендіктерін мойындап арыз жазған болатын. Ал 2-3 күннен кейін ІІД-не апарғанда ондағылыр балаларды қорқытып, «біз сендерді соттаймыз» деп басқаша айғақ алған. Ал Дарханды ұрып құлатқан басқа бала да, оны тепкілеген біздің баламыз Абылай. Оны өздері айтқанымен, осы іске қатысқан қалған балалар ата-аналары жең ұшынан жалғасып істі жауып отыр. Мұның артында үлкен ақша тұр. Себебі, бұл қылмысты бұлайша бұрмалау үлкен қаражатты талап етеді, - деп мәлімдеді Қалидолла Шолақов Азаттық тілшісіне.
Ауыр жағдайда жатқан Қабидолла Шолақовтың тағы бір ағасы Құбайдолланың айтуынша, «құқық органдары үшін әкімшілікке, мектепке тиіспеу ыңғайлы».
- Өйткені, мектептегі тәрбиенің нашарлығы, тәртіптің жоқтығы білім басқармасына сөз әкеледі, ал білім басқармасы өз артынан әкімшілікті сүйреп кетуі мүмкін. Құқық орындары бізге сот әділін шешеді дейді. Сонда әділін шешетін Қазақстанның соты ма? Осының бәріне Назарбевтың құрған жемқор жүйе кінәлі, - деп санайды Құбайдолла Шолақов.
Өзін өзі өртеген Қабидолланың туыстары осы мәселемен облыс әкімі Берегй Рысқалиевке де барыпты. Ол да істі «өз бақылауыма алам» деп уәде берумен шектелген.
«БҰЛ ІСТІ САЯСАТҚА АЙНАЛДЫРМАҢДАР»
Ал бірнеше сағаттан кейін облыстық прокурордың міндетін атқарушы Бақберген Қосымбаев пен ІІД бастығы Қайрат Сүнтаев журналистер үшін брифинг өткізді.
Ішкі істер департаменті бастығы Қайрат Сүнтаев полиция жүргізген тексеру қортындысын дұрыс деп хабарлады. Қайрат Сүнтаевтың сөзіне сүйенсек, осы жылдың 4 науырызында өлтірілген 15 жасар Дархан Олжағалиевтың өліміне қатысты бірнеше азамат тұтқындалған. Олардың арасында өзін өзі өртеген Қ.Шолақовтың үлкен ұлы 18 жасар Махамбет Шолақов та бар.
Полиция басшысы қылмыстық іске байланысты тиісті айғақтар жиналып, олар дәлелденген деп отыр. Ал 25 мамыр күні полиция тергеу ісін аяқтап оны прокуратураға өткізіпті.
«Алайда Қ.Шолақов тергеу барысына үнемі наразылық айтып жүрді. Ол үлкен ұлын қамаудан босатып, кіші баласын тобымен бірге тұтқынға алуды сұраған. Бұл талапты өлген баланың әке-шешесі де бірнеше мәрте қойды» ,- дейді Қ.Сүнтаев.
ІІД бастығы Қ.Сүнтаев «енді, сөз жоқ, Бас прокуратурадан, Ішкі істер министрлігінен тексеру келеді. Біз істі дұрыс қарағанымызды дәлелдеп береміз», - дейді.
Брифингке қатысқан прокурор мен полиция бастықтары жанкештілікке барған Қ.Шолақовтың өз есебі бар деген пікірде. Яғни «егер жауапқа кәмелетке толмаған бала тартылса, оған берілетін жаза жеңілдеу болар еді. Ол әке ретінде соған қол жеткізуге тырысты» деді олар.
Брифинге қатысқан ЖСДП-ның Атыраудағы филиалының жетекшісі Жұмабай Доспанов құқық органдарының басшыларына: «менің қолыма қылмысты нағыз жасаған балалардың облыс прокуроры Ш.Сартаевтың атына жазған шағымдары түскен еді. Алайда ІІД тергеуден өткен соң олардың жаңағы сөздері өзгертілген. Оның себебі неде?» - деген сауал қойған еді.
Оған облыс прокурорының міндетін атқарушы Бақберген Қосымбаев «бұл жайды әшейін болған қылмыстық іс деп сипаттап, оны саясаттандырмауды» сұрады.
- Біздің әлі 10 күн мерзіміміз бар. Әлі тексеріп көреміз, шынымен дәлелді деп тапсақ, істі сотқа жібереміз. Қортындысын содан соң тағы хабарлаймыз, - деді прокурор.
Бірақ Ж.Доспанов «мұның артында құқық органдарының ішіндегі үлкен сыбайлас жемқорлық тұр. Ал біздегі құқық органдары тағылған айыпты мойындатуға қандай тәсілмен қол жеткізетінін бәрі біледі» дейді.
Естеріңізге сала кетсек, 2009 жылдың 3 наурызынан 4-іне қараған түні Атыраудағы №26 мектептің 15 жасар 9 сынып оқушысы Дархан Олжағалиевты сыныптас балалар ақша бермегені үшін ұрып өлтірген еді. Бұл жайлы Азаттық жан-жақты жазған болатын.
Оқушылар білім алатын мектептің директоры Данагүл Өтебаева өз креслосында әлі күнге дейін мығым отыр. Оған тек ескерту ғана жасалған көрінеді. Ал қылмысқа қатысы бар деп саналған жасөспірімдер де сабақтарын жалғастыруда.
P.S. Мамырдың 26-сы күні кешке Атырау облыстық ауруханасының реанимация бөлімінде жатқан Қабидолла Шолақов есін жимастан қайтыс болды. Бұл туралы Азаттыққа марқұмның туыстары сәрсенбі күні хабарлады.
Дәрігерлер қолдарынан келгеннің бәрін жасағанымен тәні тұтастай күйіп қалған науқасты құтқару мүмкін болмады дейді. Ауыр күйіктен оңала алмаған Қ.Шолақовтың ағасы Құбайдолла Шолақов, Азаттық тілшісіне, марқұмның отбасындағы жағдайдың өте ауыр екенін жеткізді.
– Енді біз айыпты деп саналып отырған баламыздың тағдыры үшін алаңдаулымыз, – деді ол.
Туыстары марқұмды мамырдың 28-і күні Атыраудың іргесіндегі Қызылжар ауылында, ата-анасы мен туыстары жатқан зиратқа жерлейтіндерін айтып отыр.

Бақберген Қосымбаев пен Қайрат Сүнтаев Шолақовтың туыстарымен сөйлесіп тұр. Атырау, 26 мамыр, 2009 ж.