Президент күні конституциясында демократияға ұмтылатынын жариялаған Қазақстанға керек пе? Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болған Ермұхамет Ертісбаев бұл елдегі режимді «авторитарлық демократия» деп сипаттаған болатын. Ал Назарбаевтың өзі демократия Қазақстан үшін «ұзақ жол аяқталатын жер» деп мәлімдеп, шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында Қазақстанға Батыс үлгісіндегі демократия сәйкес келмейтінін айтты.
Қазақстанға қандай демократия сәйкес келеді? Демократия әртүрлі бола ма? Ол «ұзақ жол аяқталатын жер» ме? Кейінгі мадақ оқиғалары демократиялық құндылықтармен сәйкесе ме?
AzattyqLIVE студиясында осы және өзге де сауалдарға «Альтернатива» зерттеу орталығы жетекшісі Андрей Чеботарев жауап берді.
Орыс тілінде өтетін хабарымыздың видеосын мына сілтеме бойынша көре аласыз.