Лондон олимпиадасындағы Қазақстан құрамасының табысы этникалық және азаматтық ұлтшылдықты қолдаушылар арасында түрлі пікір туғызды.
Лондон олимпиадасы басталғаннан бері Қазақстан спортшылары алты алтын медаль жеңіп алды. Олимпиадашылардың жеңісі әлеуметтік желіде бұрын-соңды болмаған дәрежеде тез, әрі кең талқыланып жатыр. 2008 жылғы Бейжің олимпиадасын еске алған мамандар «биылғы олимпиаданың басты ерекшелігі де осы» деп атап өтеді.
Әлеуметтік желіде алтын медальға қол жеткізген спортшылардың этникалық шығу тегіне назар аударған пікірлер ара-тұра кезігіп қалады. Қазақстандық жеңімпаз спортшылардың арасында «неге ұлты қазақ спортшы жоқ» екеніне қынжылған қолданушылар да бар.
СПОРТШЫЛАРДЫҢ ҰЛТЫ
Мысалы, Қанат Тілеухан есімді қолданушы Facebook желісінде «қазақ спортында легионерлердің көп екеніне алаңдай» келе ойын былайша жалғастырады.
«...Палуандарды Қап тауынан тасушы едік, ауыр атлеттерді қытайдан тасу жолға қойылды. Ертең дзюдошыларды Жапонияда тасып жүрмейік... Егер Алла сәтін салып Алмас тым құрығанда қола алса, қазақ үшін алтынға бергісіз болар еді. Өзіңнен тумай ұл болмас!»
Журналист Құбаш Меңдіғалиев «Олимпиададан алтын алып, ел мерейін асқақататып жатқан спортшылардың ұлтын көзге шұқып көрсетудің қажеті жоқ» деп есептейді.
«Илья Ильин мен Александр Винокуровтың ұлты орыс болса, туған жері мен рухы нағыз қазақстандық спортшылар. С.Подобедова да нағыз қазақстандықпын деп санай бастады. З.Чиншанло мен М.Манеза Қазақстанның ыстық ықыласын сезінді. Жалпы оларды өзекке тебудің қажеті жоқ» деп жазады ол.
Бірақ белсенді интернет қолданушыларының көпшілігі «қазақтың қаракөз ұландарын спортқа баулу» жайлы қорытынды жасаған.
«Кез келген елдің әлемдік спорттағы шынайы беделі өзінің төл ұлтының бет-бейнесімен әйгіленеді. Қалай дегенмен, бізге аламанда қаракөз қазақтардың атойлағаны керек» деп санайды Құбаш Меңдіғалиев.
Белсенді интернет қолданушысы Фазылбек Әбсаттарұлы «қаржы табу үшін келген өзге ұлт спортшыларына» қарсы екенін айтады.
«Қазақстанның атынан қатысқан спортшының бәрі қазақ деп саналады... Сондықтан чемпионның ұлтын көрсетіп жазу, ұлтына бөлу түбегейлі қате. Шетелдің бәрі қазақ деп қабылдап тұрған соң біз неге қазақ емес деуіміз керек? Ал шетелден сатып әкелген өзге ұлт спортшыларына қарсымын. Оның мақсаты белгілі, қаржы табу үшін келген. Ертең қаржымыз таусылғанда – ол спортшы да жоқ» деген пікір білдіреді.
Бір айта кететін жайт, жанкүйерлер спортшыларға азаматтық даралығы емес, этникалық тегі үшін болысады деген ой ресейлік әлеуметтік желілерде де қылаң берді. «В контакте» желісінде Андрей Кузнецов есімді қолданушы шілденің 29-ында жариялаған сауалнама «Сіз үшін қайсысы шын жеңіс: ресейлік Арсен Галстянның алтыны ма, жоқ орыс Александр Винокуровтыкі ме?» деп сұрайды. Жауап берушілердің көпшілігі Александр Винокуровты жақтайтындарын білдірген.
«ШЫНАЙЫ ЖЕҢІСТЕН ШЫНАЙЫ ҚУАНЫШ ТУАДЫ»
Саясаткер, белсенді интернет қолданушысы Айдос Сарым «Жұрт жасанды жеңістен жалықты. Қазақ спортшыларының шынайы жеңісіне қуанған дүйім жұрттың қуанышы да ерекше» деп ойлайды.
– Соңғы кездері елімізде ақшаға жасалған жалған пиар шаралардың саны көбейіп кеткен сияқты. Әрбір спортшының ерік-жігерінің, отан алды парызының арқасында осындай нәтижеге жетуі – шынайы жеңіс. Және сол шынайы жеңіске қуанып жатқанымыз бар. Әнұранның шырқалып, туының биікке көтеріліп жатқаны әрбір Қазақстан азаматының сөзсіз шынайы патриоттық сезімін туғызады. Телеарнадан күн сайын беріліп жатқан жалған насихаттан гөрі осындай шынайы жеңістер әрқашанда жүрегімізге жақын, - деді Айдос Сарым Азаттық тілшісіне.
Азаматтық белсенді Ғалым Ағелеуов Facebook-та қазақ спортшыларының жеңісі Қазақстан тұрғындарын біртұтас мемлекет ретінде сезінуге мүмкіндік бергенін жазыпты:
«Олимпиадалық жеңістер қазақстандықтарды біріктірді, біртұтас ұлт екенімізді сезінуге мүмкіндік берді. Енді қоғам адам құқығы, саяси жүйені демократияландыру мен біртұтас азаматтық ұлт ретінде қалыптасу ісінде жеңіске жету үшін күш біріктіруі қажет».
Лондон олимпиадасы басталғаннан бері Қазақстан спортшылары алты алтын медаль жеңіп алды. Олимпиадашылардың жеңісі әлеуметтік желіде бұрын-соңды болмаған дәрежеде тез, әрі кең талқыланып жатыр. 2008 жылғы Бейжің олимпиадасын еске алған мамандар «биылғы олимпиаданың басты ерекшелігі де осы» деп атап өтеді.
Әлеуметтік желіде алтын медальға қол жеткізген спортшылардың этникалық шығу тегіне назар аударған пікірлер ара-тұра кезігіп қалады. Қазақстандық жеңімпаз спортшылардың арасында «неге ұлты қазақ спортшы жоқ» екеніне қынжылған қолданушылар да бар.
СПОРТШЫЛАРДЫҢ ҰЛТЫ
Мысалы, Қанат Тілеухан есімді қолданушы Facebook желісінде «қазақ спортында легионерлердің көп екеніне алаңдай» келе ойын былайша жалғастырады.
«...Палуандарды Қап тауынан тасушы едік, ауыр атлеттерді қытайдан тасу жолға қойылды. Ертең дзюдошыларды Жапонияда тасып жүрмейік... Егер Алла сәтін салып Алмас тым құрығанда қола алса, қазақ үшін алтынға бергісіз болар еді. Өзіңнен тумай ұл болмас!»
Журналист Құбаш Меңдіғалиев «Олимпиададан алтын алып, ел мерейін асқақататып жатқан спортшылардың ұлтын көзге шұқып көрсетудің қажеті жоқ» деп есептейді.
«Илья Ильин мен Александр Винокуровтың ұлты орыс болса, туған жері мен рухы нағыз қазақстандық спортшылар. С.Подобедова да нағыз қазақстандықпын деп санай бастады. З.Чиншанло мен М.Манеза Қазақстанның ыстық ықыласын сезінді. Жалпы оларды өзекке тебудің қажеті жоқ» деп жазады ол.
Бірақ белсенді интернет қолданушыларының көпшілігі «қазақтың қаракөз ұландарын спортқа баулу» жайлы қорытынды жасаған.
«Кез келген елдің әлемдік спорттағы шынайы беделі өзінің төл ұлтының бет-бейнесімен әйгіленеді. Қалай дегенмен, бізге аламанда қаракөз қазақтардың атойлағаны керек» деп санайды Құбаш Меңдіғалиев.
Белсенді интернет қолданушысы Фазылбек Әбсаттарұлы «қаржы табу үшін келген өзге ұлт спортшыларына» қарсы екенін айтады.
«Қазақстанның атынан қатысқан спортшының бәрі қазақ деп саналады... Сондықтан чемпионның ұлтын көрсетіп жазу, ұлтына бөлу түбегейлі қате. Шетелдің бәрі қазақ деп қабылдап тұрған соң біз неге қазақ емес деуіміз керек? Ал шетелден сатып әкелген өзге ұлт спортшыларына қарсымын. Оның мақсаты белгілі, қаржы табу үшін келген. Ертең қаржымыз таусылғанда – ол спортшы да жоқ» деген пікір білдіреді.
Бір айта кететін жайт, жанкүйерлер спортшыларға азаматтық даралығы емес, этникалық тегі үшін болысады деген ой ресейлік әлеуметтік желілерде де қылаң берді. «В контакте» желісінде Андрей Кузнецов есімді қолданушы шілденің 29-ында жариялаған сауалнама «Сіз үшін қайсысы шын жеңіс: ресейлік Арсен Галстянның алтыны ма, жоқ орыс Александр Винокуровтыкі ме?» деп сұрайды. Жауап берушілердің көпшілігі Александр Винокуровты жақтайтындарын білдірген.
«ШЫНАЙЫ ЖЕҢІСТЕН ШЫНАЙЫ ҚУАНЫШ ТУАДЫ»
Саясаткер, белсенді интернет қолданушысы Айдос Сарым «Жұрт жасанды жеңістен жалықты. Қазақ спортшыларының шынайы жеңісіне қуанған дүйім жұрттың қуанышы да ерекше» деп ойлайды.
Жалған насихаттан гөрі осындай шынайы жеңістер әрқашанда жүрегімізге жақын.