Америкалық журналист Моника Фридлэндер халықаралық коньки федерациясы мен халықаралық олимпиада комитетінің атына петиция жазып, мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының алтын медалін қазақстандық Денис Тенге беруді өтінді.
Моника Фридлэндер хатын халықаралық коньки федерациясының президенті Оттавио Чинкванте мен олимпиада комитетінің төрағасы Жак Роггенің атына жазып, әлеуметтік желі арқылы қол жинап жатыр.
«Біздің ойымызша, төрешілер алдын ала келісіп қойғандықтан Чан жарыс кезінде өте жоғары ұпай алды. Басқа мәнерлеп сырғанаушылар жарыс кезінде Чан сияқты өнер көрсетсе, үздік үштікке де ене алмас еді.
Биылғы әлем чемпионатының ерлер арасындағы нәтижесі қайта қаралып, алтын медаль Денис Тенге берілу керек. Қазақстанның 19 жастағы спортшысының бағдарламасы өте таза және қиын элементтерден тұрды. Денис Тен – биылғы жарыстың үздігі» деп жазылған петицияда.
Денис Теннің чемпионаттағы номері
http://www.youtube.com/embed/hM-Ym7kXDBw
«КАНАДАЛЫҚ СПОРТШЫҒА ТӨРЕШІЛЕР КӨМЕКТЕСТІ»
Мәнерлеп сырғанаудан олимпиада және әлем чемпиондарының бірнешеуі де Денис Теннің өнерін «алтын медальға лайық» деп бағалады.
2006 жылғы олимпиада чемпионы, ресейлік Евгений Плющенко Twitter-дегі парақшасында «Биылғы әлем чемпионатын Патрик Чан емес оның федерациясы ұтып алды... Бұл әлем чемпионатын Денис Тен ұтты» деп жазды.
2007 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушысы Джонни Вейр (АҚШ) «Жарыс Солтүстік Америкада өткендіктен осы аймақтың спортшысына жеңіс берілді. Егер Ресей спортшысы күміс медаль алып қалса, міндетті түрде шағым түсірер еді» дейді.
Канадалық Патрик Чанның чемпионаттағы номері
http://www.youtube.com/embed/zK3N_owmh1Y
Америкалық журналис Моника Фридлэндердің Тенге алтын медаль даулап жазған хатын қазақстандық жанкүйерлер Facebook әлеуметтік желісінде қызу талқылап жатыр.
Айгүл Болатханқызы есімді интернет қолданушы «Құлагерін аяқтан шалу тек қазақта емес, Батыраштар барлық жерде кездеседі екен ғой» деген пікір білдірді
Ал Төре Табынай есімді қолданушы «Денис Тенді қолдаймын. Бірақ алтынды қайтармайды» десе, Александр Ляхов есімді спорт журналисі «Канадада ала алмаған алтынды Сочи олимпиадасында алу керек» деп жазды.
ДЕНИС ТЕН: «КҮМІС МЕДАЛЬ – ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК»
Спортшы Денис Тен наурыздың 26-сы күні Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, америкалық журналист Моника Фридлэндердің хатына байланысты өз ойын білдірді.
– Күміс медаль – Қазақстан үшін үлкен жетістік. Мен жылдар бойы әлемді, төрешілерді мойындату үшін жұмыс істедім. Ал бұл жағдайға (америкалық журналистің жазған хатына – ред) мен ештеңе айта алмаймын. Мен күміс жүлдеге лайық болдым. Бұл – үлкен жетістік. Алтын алсам, ол кездейсоқ жеңіс болар еді. Егер америкалық журналистің хатын ескеріп, маған алтын медаль беріп жатса – бас тартпаймын. Күміс медаль Сочиде өтетін олимпиадаға күш береді, үміт сыйлайды. Егер келер жылы олимпиадада қола медаль алсам, ол мен үшін ірі жетістік болады, – деді Денис Тен.
Денис Тен биылғы жыл оңай болмағанын, мамыр айынан бастап, жаттығуын қайта бастайтынын айтты.
– Гран-при жарыстарында жүлде ала алмадым. Әрі менен биылғы әлем чемпионатында ешкім жүлде күтпеді. Бірақ бапкерім Фрэнк Кэролл екеуміз биылғы әлем біріншілігінде бар мүмкіндігімізді көрсету үшін жұмыс істедік. Нәтиже бар. Ал жалпы, халықтың арасында «Денис Тен Ресей азаматтығын алады екен» деген сөз тарапты. Бұл сөз – өтірік. Маған Ресей жағы ресми түрде азаматтық ұсынған да жоқ, – деді мәнерлеп сырғанаушы.
Денис Тен – Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, 2011 жылы Астана мен Алматыда өткен Азия ойындарының жеңімпазы. Ол ел біріншілігі жүлдесін алғаш рет 15 жасында ұтып алған. Спортшы қазір АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында америкалық Фрэнк Кэролл (жаттықтырушы) мен Лори Никольдың (хореограф) қарамағында жаттығады.
Ол наурыздың 16-күні мәнерлеп сырғанаудан Канаданың Лондон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған еді. Алтын жүлдені канадалық Патрик Чан иеленген. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы алтын алған қарсыласынан бар болғаны 1,3 ұпайға ұтылды.
Жалпы, биылғы қысқы маусым Қазақстан спортшылары үшін табысты болды. Алексей Полторанин мен Николай Чебатько шаңғымен жүгіруден Италияда өткен әлем чемпионатында командалық жарыстың қола жүлдесін алды. Полторанин бұл қоламен бірге елу километрлік марафондық жарыста да үшінші орынды иеленді.
Ал Ресейдің Сочи қаласында өткен конькимен жүгіруден әлем біріншілігінде қазақстандық Денис Кузин 1000 метрлік жарыста әлем чемпионы атанды.

Победил не Патрик Чан,а его федерация по фигурному катанию!Это моё мнение как человека который знает фигурное катание
— Evgeni Plushenko (@EvgeniPlushenko) March 20, 2013
1995 жылғы әлем чемпионы атанған америкалық Тодд Элдридж де «Патрик Чанды құрметтеймін. Бірақ екі рет қатарынан төрешілердің көмегімен жеңіске жету деген – ұят» деді осы желіде.Денис Тэн этот Ч.М.выиграл