Көптеген елдердегі авторитарлық режимдер саяси қарсыластарынан құтылу үшін үйқамақты жиі қолданады. Қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының тағдыры – осының бір дәлелі.
Бұрынғы мазасыз мемлекет басшысынан немесе атақты диссиденттен құтылғысы келетін диктатордың орнына өзіңізді қойып көріңізші. Олардың көзін жоя салуға немесе концлагерге тоғыта салуға болар еді. Бірақ бұндай әрекет олардың жақтастарының қарсылықтарын туғызып, елдің халықаралық аренадағы беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Кейбір саяси басшылардың қарсыластарынан құтылу үшін үйқамақты таңдау себебін дәл осы жайлармен түсіндіруге болатын сияқты. Былай қарасаң, соншалықты қорқынышты ешнәрсе жоқ сияқты. Өйткені олар түрмеде емес, үйлерінде отыр ғой.
Бірақ адамды өз үйінде қамақта ұстау – қарсыластардың саяси белсенділігін жоғалтудың қатыгез де тиімді тәсілі. Әсіресе бұл адам сыртқы әлемнен толықтай оқшауланатын болса, тіпті қиын.
ИРАН
2011 жылдың 14 ақпанында Иранның оппозициялық «Жасылдар қозғалысының» жетекшілері Мир-Хусеин Мусави мен Мехди Карруби Египет пен Тунистегі революцияларды қолдау жөнінде шерулер өткізуге шақырды.
Бұған жауап ретінде Иран билігі оларды үйқамаққа алып, сыртқы әлеммен байланыстырмай тастады (олардың әйелдері Захра Рахнавард пен Фатима Каруби де осындай жағдайға түсті). Ешкіммен тілдестірмеу үшін қауіпсіздік қызметтері, тіпті, Мир-Хусеин Мусави тұратын көшенің басына қақпа орнатып қойды.
Иранның жоғары жетекшісі аятолла Әли Хаменеи мен Иран президенті Махмуд Ахмадинежад осындай әдістің көмегімен халық толқуының алдын аламыз деп үміттенеді.
Кейінірек ұсталған екі адам да (және олардың әйелдері де болуы мүмкін) әскери түрмеге ауыстырылды деп мәлімдеді оппозиция.
БЕЛАРУСЬ
Өткен жылғы президент сайлауы кезінде ақын Владимир Некляев Беларусьтің қазіргі президенті Александр Лукашенконың қарсыласы болған. Дауыс беру қарсаңында Владимир Некляевті президентшіл бұзақылар қатыгездікпен соққыға жығып, содан соң оны ауруханада жатқан жерінен тұтқынға алған.
Журналист Ирина Халиптің ісі де жұртқа белгілі. Оның күйеуі Андрей Санников президенттіктен үміткер болған. «Балаларын дұрыстап тәрбиелей алмайды» деген желеумен билік олардың балаларын алып қоймаққа әрекеттенген. Андрей Санников сайлаудан кейінгі қарсылық шараларына қатысқаны үшін түрмеге жабылды.
Осыған қатысты баспасөзде көтерілген жанжалдың арқасында болар, Беларусь билігі Владимир Некляев пен Ирина Халипті үйқамағына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Олардың үйқамағында отырғанына екі айдың жүзі болды. Тәулік бойы олардың пәтерінде КГБ-нің екі агенті болады; тұтқындарға телефон, компьютерді пайдалануға, тіпті терезеге жақындауға толық тиым салынған. Олар өз жақтастарымен ыммен сөйлесіп қояды деп қорқатын болса керек. Олар өз үйлерінде отырса да, түрмедегідей өмір сүріп жатыр.
МЬЯНМА (БИРМА)
Әлемдегі үйқамағында ең ұзақ отырған адам – диссидент, бейбітшілік үшін Нобель сыйлығының лауреаты Аунг Сан Суу Кий болар. Ол соңғы 21 жылдың 15 жылын Янгон Инсейн көлінің жағасындағы үйінде үйқамағында өткізді.
Бұл әйел өткен жылдың соңында ғана босатылды. Жаза мерзімінің соңғы бөлігін өз үйінде емес, «қонақтарға арналған үйде» өткізді. Бірақ мұндағы жағдай да өте қатаң болатын.
Үйқамақта отырған кезінде оған екі әйел қызмет етті. Үй тұтқынының телефон, радио мен теледидарды пайдалануына тиым салынған. Ол уақытының көбін кітап оқумен және күйсандықта ойнаумен өткізді. Жоғары қызметтегі қонақтары алып
Мьянма оппозициясының жетекшісі Аунг Сан Суу Кий үйқамақтан босаған соң өз жақтастарымен жүздесіп тұр. Янгон, 13 қараша 2010 жыл.
келген газеттерді құныға оқиды екен.Қайта-қайта тұтқындалудың және елден кетпеуінің салдарынан күйеуі, ғалым Михаэл Ариспен 1989 жылдан бастап ол қайтыс болғанша он жыл бойы көріскен жоқ. «Бір шығып кетсе, қайта кіргізбей қоюлары мүмкін» деген қауіппен ол елден кетпеген.
2009 жылы америкалық Джон Йетав көлден жүзіп өтіп, оның үйіне келген. Мьянма билігі бұл оқиғаға қатты ашуланған. Осы мүмкіндікті пайдаланған билік «ережені сақтамады» деп айыптап, оның үйқамақтағы мерзімін ұзартқан. Осы оқиға Аунг Сан Суу Кийдің өткен жылғы президент сайлауына қатысуына да кедергі болды.
ПӘКІСТАН
Үйқамаққа алу Пәкістандағы саяси ойындар кезінде де жиі пайдаланылады. «Солтүстік Корея және Иран тәріздес аласталған елдерге ядролық
Пәкістандық физик ғалым Абдул Қадыр Хан марқұм бауырын ақтық сапарға шығарып салуға келді. Карачи, 13 ақпан 2010 жыл.
технологияларды беруге инженер-ядрошы Абдул Қадыр Ханның қатысы бар» деген деректер Батыста жарияланған соң бұл инженер де үйқамағына алынды. Жоғарғы сот төрағасы Ифтихар Мухаммад Чодри президент Первез Мушаррафтың кезінде үйқамағына алынды. Осыдан кейін заңгерлер жасаған қарсылық шаралары Мушарраф режимін құлатты.
Президент Первез Мушаррафтың кезінде, тіпті, крикет ойыншысы Имран Хан да үйқамағына алынған болатын.
ҚЫТАЙ
Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығының лауреаты және диссидент Лиу Ксиаобоның әйелі Лиу Ксиа осыдан бірнеше апта ғана бұрын интернет-чат арқылы достарына «Шыға алмаймын. Отбасымның барлығы кепілде отыр» деп жазған. Бұл жайында «Вашингтон Пост» газеті хабарлады.
Нобель комитеті қазан айында Лиу Ксиаобоға осы сыйлықтың берілетіндігі жайында жариялаған соң диссиденттің әйелі үйқамағына алынды. Бұдан соң оған күйеуімен кездесуге рұқсат беріп, бірақ өзге әлеммен байланысын кесіп тастаған. Интернетке қолы қалай жеткені әзірге жұмбақ. Бір анығы, ол қатты қапалы. «Жылап жүрмін. Маған ешкім көмектесе алмайды» деп жазыпты диссиденттің әйелі.
Қытай коммунистік партиясының бас хатшысы және реформашысы Чжао Цзыян 1989 жылы Тяньаньмэнь алаңында болған қарсылық шараларынан соң биліктің қаһарына ұшырап, өмірінің соңғы 16 жылын үйқамағында өткізді. Ол кей кездері ғана гольф ойнағаны болмаса, уақытының көбін мемуар жазуға арнапты. Кейінірек оның мемуарларын Қытайдан алып шығудың сәті түсті.
Чжао Цзыянның хатшысы Бао Тонг та Тяньаньмэнь алаңындағы қарсылық
Қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлы Қытайда ұзақ уақыт үйқамақта отырып, 2011 жылдың 15 ақпанында дүниеден өтті.
шараларынан соң өмірінің соңғы 23 жылын үйқамағында өткізді. Қазір ол – Бейжің қаласында. Пәтерін тәулік бойы бақылап, күзетіп тұр. Келген адамдардың барлығы қатаң тексеруден өтеді.Қытайда үйқамағына алынатындар тек хань ұлтының азаматтары ғана емес. Батыс Қытайда 10 жыл бойы үйқамақта отырып, 2011 жылдың 15 ақпанында дүниеден өткен қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының қасіретті тағдыры жайында көп адам біле бермес. Бұл – қырық жылы түрмеде өткен жазушының қасіретті өмір тарихының бір бөлігі ғана. Қытайда коммунистік партияның айтқанынан басқаша ойласаң, өміріңнің не болатындығына Қажығұмардың тағдыры айқын дәлел.
КАМБОДЖА
Камбоджадағы 1970 жылдардағы геноцидтің дем берушісі Пол Пот өзінің «Кхмер Руж» партиясының бұйрығымен үйқамағына алынды. Осылайша партия оның қылмысынан өзін арашалап алғысы келді. Алайда бұл – миллиондаған адамдардың өмірін құрбан қылған адам үшін жеңіл жаза.
РЕСЕЙ
Леонид Брежнев бастаған қызметтестері Никита Хрущевті 1964 жылы биліктен кетірді. Егер бұрынғы заман болса. оны атып тастайтын еді. Сондықтан Хрущевті Мәскеу түбіндегі саяжайында үйқамағына алып, КГБ қызметкерлерінің қатаң бақылап тұрды.
Никита Хрущев те Чжао Цзыян сияқты уақытын мемуар жазуға арнады. Кейінірек ол мемуарды елден алып шығып, батыста үш том кітап қылып жариялауға мүмкіндік туды. Кітап советтік басшылықтың жасырын өмірін сипаттайды.
Советтік баспасөз 1970 жылы жарыққа шыққан ол мемуарды жоққа шығаруға жандарын салды, Никита Хрущевті де мәжбүрлеп, мемуарының «шындыққа сай келмейтінін» жария айтқызды. Кейінірек қазанамада «Нью-Йорк Таймстың» жазғанындай, бұл соңғы алты жылдың ішінде оның аты баспасөзде бірінші рет аталған оқиға еді. Никита Хрущев 1971 жылы қайтыс болды.