Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылының маңын уақытша мекен еткен жұрт есек арбаны жалға беріп, күн көрісін айырып отыр.
«Барлық» базары мен «Алтын таға» базарының арасындағы ат шаптырым аумақ темірмен қоршаулы тұр. Жұрттың айтуынша, бұл аумақтың иесі қоршаудың ішінде кірпіш те өндіреді, темір-терсек те қабылдайды.
Ауланың әр бұрышында бос тұрған арбалар, қодығын ерткен бір топ есек жүр. Алты-жеті арбаны қатарластырып қойған шеткі үйге жақындап барған едік, ошақ жанынан қарсы алған әйел адам отағасы үйде жоқ екенін, ауруханада жатқанын айтты.
«АЙМАННЫҢ ҮЙІНДЕ 15 ЕСЕК БАР»
– Жолдасым кеше ауруханаға түсіп қалды. Аяғы бұдан сегіз ай бұрын сынып, таңдырған едік, сол қайта-қайта ауырып болмай жүр. Соған нервничать етіп,
келгендерге арбаны бермей қойды, оның үстіне жынды деген қағазы бар, – деді аты-жөнін айтудан бас тартқан әйел.
Әуелі сұхбат беруден мүлдем бас тартқан әйелден суыртпақтап сыр тартып, сауал қойып көрдік. Ол Қарақалпақстаннан көшіп келгендеріне бір жыл болғанын айтты.
– Бұл аулада есек арба жалдайтындар тек біз ғана емес қой. Бізде жеті есек болса, анау Айманның үйінде он бес есек бар. Елдер есек арба алып жатқан соң біз де еңбегімізге алып едік. Енді құтыла алмай отырмыз, – деді ол.
«Есектен неге құтылғалы отырсыздар?» деген сауалымызға:
– Қарақалпақстанда әкем ауырып жатыр. Соған кетуіміз керек еді. Мыналарды сатайық десек, өтпейді. Кейбірін арбасымен қосып 70 мың теңгеге алған болатынбыз. Енді отыз-қырық мыңға да бере салар едік, – деді есек арбалы «кәсіпкер».
Оның айтуынша, үш күннен бері есектері жұмысқа шықпай бос тұр.
– Мына үйді 15 мыңға жалдап отырмыз. Аулаға есек ұстағанымыз үшін тағы он бес мың қосып төлейміз. Бұрын есектер жұмысқа шығып жүргенде өтейтін еді, қазір тоқтап қалды, – деді ол.
«ЕСЕК ЖҮРДЕК БОЛСА, МЫҢ ТЕҢГЕ»
Азаттық тілшісі есек арбалардың иесінен жалға алушылардың кім екенін сұрап еді:
– Негізінен осы аулада тұратындар алады. Кейде Абайдан да келіп алып жатады. Көбінесе танымайтын адамдарға бере бермейміз.Өйткені қайтармай немесе басқа
жаққа аударып жіберуі мүмкін ғой - деп жауап берген ол әңгіменің ауанын басқа жаққа бұрып жіберді.
Есек иесінің айтуынша, арбалардың жалға беру құны есектердің жүрдектігіне байланысты.
– Есек арбаның бір жолғы жалдау құны – 600-1000 теңге аралығында. Егер есек жүрдек болса – 1000 теңгеге, шабан болса – 600 теңгеге жалға береміз, – деді ол.
Аулада қодығын ерткен екі есек, ақсақ бір есек жүр екен.
– Мына есектің тұяғы түсіп қалған. Ештеңеге жарамайды. Ана екі есек – қодығымен. Жалға бергенде қодығын алып қаламыз. Әйтпесе машина бірдеңе қағып кетуі мүмкін. Ал жалға алушылар қодыққа жауап бермейді. Бірақ енесі қодығы жоқ болса азан-қазан болып, қаланы басына көтереді. Сосын бұларды көп ешкім алмайды, – деген сұхбаттасымыздың айтуынша, енді есектің бәрін зоопаркке өткізуден басқа амалдары жоқ.
«БАСТЫҚҚА ШТРАФ САЛСЫН...»
Өзін «қарауылмын» деп таныстырған Еркебай Жетпісбаев есімді ақсақалдың
айтуынша, осы аулада есек арбаны жалға беретін бір емес, бірнеше үй бар.
– Осы ауланың мына бетінде Қарақалпақстаннан келген қарақалпақтар тұрады. Еркектері құрылысқа кетеді де, әйелдері есек арбамен көшеден темір қалдықтары мен бос бөтелкелерді теріп өткізеді. Осы жерге есек ұстап, арбаларын жалға береді, - деді қарауыл.
Еркебай Жетпісбаев ауладағы иістен демалудың мүмкін емес екенін айтты.
– Көріп отырсың, есектің қиының иісінен демалуға да мүмкіндік жоқ. Сен журналист болсаң, осыны жазшы. Кез-келген жердің санитарлық тазалығы болмай ма, – деп мұңын шаққан қария ауланың ортасында төбе болып үйіліп жатқан
есектің тезегіне бастап барды. – Мынаны суретке түсіріп ал да газетіңе жазшы. Бастыққа жақсылап штраф салсын. Әйтпесе қояр емес, – деді.
«Қалдықтарды қайдан теріп әкелетінін білмейсіз бе?» деген сауалымызға:
- Жол бойында шашылған бөтелкелер мен темірлер толып жатыр ғой. Мына «Алтынорда» базарының айналасынан-ақ арбаларын толтырып алып келеді, - деді Еркебай Жетпісбаев.
Ол ауладағы есік алдында бос тұрған арбалары бар тағы екі үйдің есігін қағып едік, ешкім ашпады.