Алматыдағы "Барахолканың" өртенген "Құлагер" базарының 100-ге тарта сатушысы қарашаның 19-ы күні базарға кірмек болып қайта жиналды. Бірақ базарды полиция мен арнайы жасақ сарбаздары қоршап тұр. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, темір шарбақпен қоршалған базар аумағына полиция ешкімді өткізбейді.
Саудагерлер өрттен "қанша тауарының жанғанын, зардап көлемін біле алмай тұрғандарын" айтады. Олардың сөзіне қарағанда, өздерімен кездесуге я қалалық әкімдіктен, я аудандық әкімдіктен ешкім келмеген.
Саудагерлер "Құлагер" базары әкімшілігінің базарда өрттің неден шыққанын анықталып жатқанын, базар бір аптадан соң ашылуы мүмкін екенін айтқанын" жеткізді.
"Құлагер" базарының 200-ге жуық сатушысы қарашаның 18-і күні базар маңына жиналып, жолды жаппақ болған еді. Бірақ олардың бұл әрекетіне полиция тосқауыл қойған. Наразы саудагерлер қала әкімі Ахметжан Есімовтің келуін талап еткенімен, орнына қала әкімдігінің өкілі ғана барды.
Қарашаның 17-сі күні таңға жуық жұрт "Барахолка" атап кеткен сауда орнындағы "Құлагер" базарынан өрт шыққан еді. Төтенше жағдайлар қызметінің есебі бойынша, "өрт 4 мың шаршы метрге жуық аумақты шарпыған".
Соңғы екі айдың ішінде Алматының «Барахолка» базарында осымен екінші үлкен өрт болып отыр. Бұның алдында, 13 қыркүйек күні «Олжа», «Аян», «Керемет», «Алатау» базарлары өртенген еді. Зардап шеккен жеті адамға дәрігерлік көмек көрсетілген. Төтенше жағдайлар қызметінің дерегі бойынша, ол жолғы өрттің аумағы 5,4 мың шаршы метр болған.
Алматы қаласы әкімдігі мен «Барахолка» базарларының басшылығы арасында бірнеше жылдан бері жер дауы жалғасып келеді. Әкімдік 2013 жылы жазда «Барахолка» аумағынан өтуі тиіс жолды салу үшін «базарларды тәртіпке келтіретінін» мәлімдеген.