Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков парламент депутаттары алдында «Қазақстан алғаш рет сиыр етін Ресей аймақтарына экспорттай бастады» деп мәлімдеді. Тұтынушылар ет бағасы шетелдік бәсекелестер есебінен арзандағанын айтады.
Астана қаласының тұрғыны Төлеғайша Ыбыраева айына екі рет базарға ет алуға барады. Көбінесе сиыр етін, ара-тұра жылқы етін сатып алады. Таңдап алған етінің бағасы 1 мың теңгеден басталады. Жылқы етінің бағасы 1 мың 500 теңгеден жоғары.
Жұмыс күндері Астанадағы «Әлем» сауда үйіндегі ет бөлімінің сатушылары бағаны сәл түсіреді. Сиыр етінің килограмын 700-900 теңгеден 1 мың 200 теңгеге дейін, жылқы етін 1 мың 450 теңгеден, шошқа етін 900 теңгеден сататын олар қой етінің бағасын 1 мың 200 теңгеден түсірмейді.
Сатушылардың бәрі «Маңайдағы аудандарда сойылған малдың жас етін сатамыз» дейді.
Людмила есімді сатушы «Соңғы кезде еттің бағасы 100 теңгедей түсті» дегенімен, еттің арзандау себебін айтпады. «Кейде Ресейден келетін шошқа етін де сатамыз, бірақ дәл бүгін жоқ» дейді.
– Қазақстанға контейнер-контейнер ет Қытайдан көп келеді, бірақ мұнда жетпей
қалады. Арзан болғандықтан, оны көтерме бағамен сатып алып, шұжық жасайды, – дейді сатушы.
Қазақстанда ет нарығындағы жалпы жағдай туралы деректер әр түрлі. Бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, қазір оппозициялық саясаткер Балташ Тұрсымбаевтың Азаттық тілшісіне айтуынша, Қазақстан базарларындағы еттің 46 пайызы ғана – отандық, қалғанын көрші елдерден, Беларусь, Қытайдан, тіпті Аргентина мен Бразилиядан әкеледі.
Балташ Тұрсымбаевтың айтуынша, Қазақстанда мал шаруашылығы мәселелері «жүрдім-бардым шешіліп, етпен қамтумен айналысқысы келген адамдарға жағдай жасалмағандықтан» осындай жағдай қалыптасып отыр.
– Совет заманында етті тұтыну деңгейі халықтың жан басына шаққанда 70 килограммдай болатын. Біз кезінде одақтық қор ретінде Қазақстаннан сойыс салмағы 300 тонна таза ет экспорттайтынбыз, ал қазір етті шеттен әкелетін болдық, – дейді Балташ Тұрсымбаев.
Қарашаның 6-сы күні мәжілістің пленарлық отырысында «ҚР кейбір заң актілеріне агорөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков «Қазақстаннан сиыр еті экспортқа алғаш шығарыла бастады» деп мәлімдеді.
– «Кроун-Батыс» қожалығы, Қостанай облысындағы «Қарасу» ЖШС, Ақмола облысындағы «Агропродукция» ЖШС биылдың өзінде Ресейдің Мәскеу және басқа қалаларында ет сата бастады. Бұл көлемді әлі де ұлғайтамыз, бірақ оған уақыт керек, – деді Асылжан Мамытбеков.
Оның айтуынша, мал шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың арқасында былтыр ұрғашы ірі қара мал басы 20 пайыздан көп өскен.
Бірақ биыл мемлекеттік тапсырыспен Австрия компаниясынан сатып алынған елу шақты сиырдың қырылуына қатысты жағдай әлі анықталған жоқ. Оларды ет экспорты көлемін ұлғайту және Қазақстанда асыл тұқымды мал басын көбейту үшін пайдалану жоспарланған еді.
Алматыға әкелінуі тиіс болған таза асыл тұқымды бірнеше жүз бас ірі қараның елу шақтысы жол-жөнекей қырылып қалғаны белгілі. Малдың қырылуына ұшақ бортындағы желдеткіш жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін деген болжам айтылды.