«Новый мир» журналы 1962 жылы қараша айында орыс жазушысы Александр Солженицынның «Иван Денисовичтің бір күні» повесін жариялады. Азаттық тілшісі орыс жазушысы Солженицын қамалған Екібастұздағы ГУЛАГ лагеріне барып қайтты.
«Иван Денисовичтің бір күні» повесі бастапқыда «Щ-854. Тұтқынның бір күні» деп аталған.
1945 жылы сотталып, 1953 жылы босап шыққан жазушы Солженицынның түрмедегі соңғы үш жылы Екібастұздағы ерекше лагерьде – «Степлагта» өткен еді. Жазушы бостандыққа шыққан соң, 1959 жылы жазған «Щ-854. Тұтқынның бір күні» повесінде (1962 жылы жарияланған) осы лагерьдегі тұтқынның өмірін суреттейді.
«Щ-854»
«Щ-854» - повесть кейіпкерінің лагердегі нөмірі еді. Шығарманы жариялауға Никита Хрущевтің өзі рұқсат берді. СССР басшысы Хрущев Солженицынның бұл куәлік-повесі Сталинге табынған халықтың санасында оның жауыз образын қалыптастырады деп үміттенді.
Жазушы әрі журналист Виталий Коротич британдық BBC агенттігіне берген сұхбатында «Бірден повестің заңсыз көшірмелері қаптап кетті. Түрмеде болған көптеген адамдар өткен өмірін еске түсірді. Ол кезде компьютер мен принтер жоқ. Кітаптарды папирос қағазына басатын және бұл - кітапты көбейтудің жалғыз жолы болды. Совет Одағын құлатқан - осындай ақпараттар. Одақты тек ақпарат құлатты. Бұл толқын Солженицынның «Бір күнінен» басталды» деген.
«Щ-854. Тұтқынның бір күні» шыққан соң «толқынды» тоқтату мүмкін болмады. Кейіпкер ойдан шығарылған. Бірақ елде ГУЛАГ-та азап көрген миллиондаған адамдар бар еді. Олардың саны 14 миллионға жуық. 1 миллион 600 мыңдай адам осы лагерлерде өмірмен қоштасты.
Коммунистік режим ГУЛАГ туралы ақпараттарды шығармауға тырысты. Никиту Хрущев қызметінен кетті, Сталинді қаралау тоқтады. 1974 жылы Александр Солженицынды шетелге жер аударды. Ол Ресейге 20 жылдан кейін оралды. Жазушы 2008 жылы Мәскеуде қайтыс болды.
«БІЗГЕ «ӨЗІМІЗДІҢ НЮРНБЕРГ» КЕРЕК»
Солженицынның жесірі Наталья Дмитриевна BBC агенттігіне берген интервьюінде қазіргі Ресей билігін, оның ішінде Михаил Горбачев пен Борис Ельцинді айыптаған. Ол сұхбатында жазушының әйелі былай дейді:
«Мемлекеттік деңгейде ешкім өз азаматтарына қарсы соғыс бастаған коммунизмді - қылмыс, Сталинді тиран деп жариялаған жоқ.
Польшада, Германияда, Шығыс Еуропа елдерінің барлығында СССР құлаған соң коммунистік режимді мансұқтады. Бізде ол жасалмады. Германияда фашистерді соттағандай бізге де өзіміздің Нюрнберг керек еді. Бірақ ол болмады.
Біз енді Солженицын 50 жыл бұрын бастағандай, коммунизм мәселесін мансұқтауды бастамасақ, ол туралы бір шешім қабылдамасақ, адамзаттың бір бөлігі болуға ұмтылып отырған, бірақ өзінің тарихы туралы айтудан қорқатын жартылай советтік елде өмір сүре беретін боламыз».
ГИТЛЕР МЕН СТАЛИНДІ САЛЫСТЫРУ
Екібастұздағы жергілікті өлкетану мұражайының қызметкері Дариға Тоқаева Азаттық тілшісіне Солженицын отырған лагерьдің тарихын баяндап, түрменің орнын көрсетті. Айтуынша, бұл маңда 1948-1954 жылдары 5 мың адамға арналған «Песчаныйлаг» және «Степлаг» деген арнайы түрмелер болған.
– Лагерь жабылған соң ол жердегілерді Қарағанды жаққа, Балқашқа және Жезқазғандағы әскери тұтқындарға арналған лагерлерге жіберді. Ол жерде қазақ-
орыс интеллигенциясы мен жапон, неміс тұтқындары отырған. Тұтқындарды қандай киіммен алып келсе, сол киіммен жүрген. Лагерь барактардан тұрған. Ол жер суық, жылытпаған, – дейді Дариға Тоқаева.
Мұражай қызметкерінің дерегіне қарағанда, қамалғандар осы барактарда тұрған. Биік дуалдармен қоршалған барактардың сыртына арнайы үйретілген қабаған иттер жіберген. Адамдар аштықтан, суықтан, аурудан өліп қалатын болған. Мәйіттерді қала сыртындағы ортақ қорымға ешқандай белгі қоймастан көме берген. Түрмеде тәртіпке бағынбаған, еркіндеу тұтқындарды адам бойын тіктеп тұра алмайтын бөлмелерге қамап жазалаған.
Екібастұздағы жергілікті өлкетану мұражайының қызметкері саяси тұтқындар
салған автобазаны 2003 жылы бұзып жатқанда бір блокнот табылғанын айтты.
– Қасында шағын қалам мен пышақ жатыр екен. Шамасы, адамдар тауып алсын деп тыққан болуы керек. Оны кім жазғаны анықталмады. Онда Гитлер мен Сталинді салыстырып, «Гитлер қандай жыртқыш болса, Сталин де сондай» деп жазыпты, – дейді Дариға Тоқаева.
«ТҮСІНІКСІЗ» СОЛЖЕНИЦЫН
Қазір Екібастұздағы Солженицын отырған атышулы лагердің орнында «Шахтер» деп аталатын стадион тұр. Қала тұрғындарының көбі жарты ғасыр бұрын дәл осы жерде талай адамның тағдыры тәлкекке түсіп, жазықсыз жапа шегіп, ажал құшқан арнайы лагерь болғанын ұмытыпты.
Жастар Солженицынның кім екенін де біле бермейді. Бірақ екібастұздықтар жазушының
шығармаларынан хабардар. Қала тұрғыны Жұмагелді Қасенов «осында отырған Солженицынның кейін жазған мақаласына теріс қарайды» екен.
– Ол қазақ жерін Ресейге қосайық деген пікір айтқан. Ол жайында біздің заманымыздың кісілері біледі. Мынау қисық бағытта жүргізген саясатына орай ол кісіге қатты сөздер айтатындар да бар, – деді Жұмагелді Қасенов.
Ал жергілікті өлкетану мұражайының бас сақтаушысы Надежда Сторожук Екібастұз түрмесінде үш жыл отырған жазушы Александр Солженицынның жұбайы Наталья Солженицынамен хат жазысып тұратындарын айтты.
Оның айтуынша, жазушының жесірі екі жыл бұрын бұл мұражайға Солженицын туралы кітаптар мен фильм беріп жіберіпті.
- Кезінде Индустриальный көшесіне Солженицынның атын беру туралы мәселе
де көтерілді. Бірақ жұрт оған қарсы болды, - дейді мұражай қызметкері.
Оның сөзінше, жұрт жазушыны «қазақ жерін Ресейге беру туралы пікіріне бола ұнатпаған».
– Бірақ ол (Александр Солженицын - ред.) «Мені дұрыс түсінбеді. Мен қазақ халқын құрметтеймін. Қазақ әйелдері бізге лагерге нан әкеп беретін» деген. Оны көбісі түсінбеді. Оны түсіну өте қиын, – дейді Надежда Сторожук.