Қазақстандағы ең биік сарқырама
Қора шатқалының Бұрханбұлақ сарқырамасы жағындағы бөлігі.
Қора шатқалына түсетін жолдың басы. Алғашқы алты километр тау қиясындағы шұғыл бұрылысқа толы серпантиннен тұрады.
Бұрханбұлақ сарқырамасының түбінен қарағандағы көрінісі. Сарқыраманың түбі теңіз деңгейінен екі мың метр биік.
Сарқыраманың төменгі каскады.
Сарқыраманың жалпы көрінісі. Таңғы көрініс.
Бұрханбұлақ сарқырамасы мынандай құздан құлап ағады. Таңғы көрініс.
Қора шатқалындағы таң.
Бұрханбұлаққа келгендердің көбі сарқырама маңында шатыр құрып жатады. Таңғы көрініс.
Текелі қаласынан өлкетанушы-жетекшілерімен бірге жаяу жүріп сарқырамаға жеткен мектеп оқушылары алау басында отыр. Олар Бұрханбұлаққа жолда бір қонып жеткен. Сарқырама басында екі қонғаннан кейін олар қайтадан жаяу қайтпақ.
Сарқырамаға келгендердің кейбірі жақын маңдағы ақылы демалыс орнына аялдайды.
Қора шатқалынан шығатын қия жолдағы шұғыл бұрылыстың бірі. Қия жол біткенше сырғыма тастар таусылмайды. Шатқалдан көтерілгенде көліктің қозғалтқышы да жиі қызып кетеді.
Қора шатқалынан көтерілген көлік қозғалтқышын салқындатуға тура келген бір сәт.
Қора шатқалы.