Қазақстан күнтізбесіне жаңадан екі кәсіби мереке – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні, Еңбек күні қосылды. Соңғы екі жылда Қазақстанда аталып өтетін мерекелік немесе «кәсіби» күндер саны екі есеге артты.
Осы аптада Қазақстан күнтізбесінде қыркүйектің соңғы жексенбісіне белгіленген Еңбек күні деген мереке пайда болды. Ал Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мамырдың 21-іне ауыстырылды.
Соңғы кезде Қазақстанда мерекелік атаулы күндер көбейді. Мысалы, мамырдың 15-інде аталып өтетін Отбасы күні биыл наурыз айында енгізілген.
Қазақстанда Геологтар күні, Ғылым қызметкерлері күні, Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні, Эколог күні, Қаржы полициясы күні, Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні, Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні, Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні, Әділет органдары қызметкерлері күні, Мәдениет және өнер қызметкерлері күні, Машина жасаушы күні, Құтқарушы күні, Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні, Статистика күні, Прокуратура күні және Кеден органдар қызметкерлері күні жаңа мерекелер болып есептеледі. Енді бұл тізімге Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мен Еңбек күні қосылды.
Азаматтық белсенді және «Шаңырақ» қоғамдық ұйымының төрағасы Махамбет Әбжан Қазақстанда мерекелердің көптігіне қынжылады. Оның айтуынша, өз мерекесі бар белгілі бір мамандық иелері сияқты аула сыпырушылардың да кәсіби мерекесі болуы тиіс.
– Бізде онсыз да демалыс күндері көп. Білуімше, желтоқсанда тұңғыш президент мерекесін үш күн тойлаймыз. 16 желтоқсан тағы бар. Желтоқсанда
жұмыс күндері мүлде аз, жұрт «есеп жазып, тапсырып үлгермейміз» деп шағымданады. Мереке күндері мемлекеттік органдар жабық болады да, мемлекеттік органдарға тәуелді көп мекемелер есептерін тапсырып үлгермейді. Онсыз да көш басындағы елдерден 30-40 жылға кенжелеп қалдық. Жыл сайын демалыс, мереке күндерін қоса берсек, олардан мүлде артта қаламыз, құлдыраймыз. Мереке болғасын жұрт атап өтеді, түске дейін ешкім жарытып жұмыс істемейді, қалған жарты күнді де тойлатумен өткізуі мүмкін, – дейді Махамбет Әбжан.
Азаматтық белсенді Әбжанның меңзеп отырғаны – биыл Президент күні аталатын 1 желтоқсан – жексенбі. Сондықтан жексенбідегі демалыс күні дәстүр бойынша дүйсенбіге, желтоқсанның 2-сіне ауыстырылған. Қазақстандықтар президент күніне орай үш күн (30 қараша, 1 және 2 желтоқсан) демалады. Ал мерекелік күнтізбенің бұл тәртібі бойынша Қазақстан тұрғындары 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесінде үш емес, төрт күн демалады.
Парламент депутаты және билікке іш тартатын саясаткер Владислав Косаревтің айтуынша, қоғамда қалыптасып қалған дәстүрлерден бас тарту қиын. Ол
күнтізбеде кәсіби мерекелер міндетті түрде болуы тиіс деп санайды.
– Қазақ халқының салт-дәстүрлерін қолдау қажет. Ал тойланатын әр мереке елдегі белгілі бір тарихи дәуірмен мәндес болуы тиіс. Бұл басқаларға ұлттың ерекшелігін таныту үшін де қажет. Сондықтан, меніңше, мерекенің артығы жоқ, – дейді Владислав Косарев.
Осыдан екі жыл бұрын президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жыл сайын мерекеленетін 35 кәсіби мереке мен басқа атаулы күндер туралы жарлық шығарды. Бұрын бұл тізімде 17 түрлі мереке болған. Ал қазір елде аталып өтетін атаулы күндер саны екі есе көбейді. Жалпы мемлекеттік мерекелер мен жекелеген мамандық иелері ғана мерекелейтін атаулы күндерді бір-бірімен шатастырып жататындар да бар. Жергілікті ақпарат құралдарында атауы мен мазмұны сан қилы мерекелер туралы хабарлар толассыз айтылып жатады.
Мемлекеттік және ұлттық мереке күндері бүкіл халық демалады. Егер мереке жұмыс күніне сәйкес келсе, тағы бір күнге ұзартылады. Назарбаевқа арналған мерекелердің соңғысы – Қазақстанның тұңғыш президенті күні былтыр 1 желтоқсанда пайда болды. Астана күні 2008 жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні – шілденің 6-сына ауыстырылып, жыл сайын кең ауқымда тойланады.
Мемлекеттік және ұлттық мерекелерден бөлек кәсіби және басқа мерекелер де бар. Ол күндер жұмыс күні болып есептеледі.