«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша банкте ақша жиған салымшылар үйлердің әлі салынып бітпегеніне наразы.
Алматылық Жұлдыз Макпунова салымшы ретінде үш жыл бойы «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне» қаржы жинаған. Ол «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының шарты бойынша, 2013 жылы сәуір айында Алматының «Мамыр» ықшам ауданынан пәтер алуы тиіс болған.
– Бірақ әлі күнге дейін үйімізді салып бітпеді. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімін бір емес, бес рет кейінге шегерді. 2011 жылы үш бөлмелі пәтерге өтініш жазғанбыз. Ол 17 миллион теңге тұрады. Жинаған ақшамыз жеткіліксіз болғандықтан, өзімнің екі бөлмелі пәтерімді сатып, үстіне тағы ақша қостым. Енді, міне, екі жылдан асты – үш баламмен пәтер жалдап тұруға мәжбүрмін, – деді Жұлдыз Макпунова Азаттыққа.
«ТАҒЫ ҚАНША БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУЫМ КЕРЕК?»
«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы шарттарының бірі – салымшы «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде» үш жыл қаржы жинауы тиіс. Салымшылардың басым көпшілігі банктің тиімді деп ұсынған шарттарына алданып қалдық деп санайды.
– «Үш жылдан кейін жиналған ақша бар, оған қоса жетпеген қаржыны банк аз пайызбен несие ретінде береді. Мемлекеттік бағдарлама болғандықтан үшінші класты үйлерді аса қымбат емес бағаға алуға болады» деді. Біз осы шарттарға сендік. Ақыры баспанамыз жоқ, банктегі ақшамыз босқа жатыр, – дейді салымшылардың бірі Зылиха Иманғожаева.
Ол екі жылдан бері банкке ай сайын 105 мың теңге салатынын, оған қоса жалдап тұрып жатқан пәтеріне айына 80 мың теңге төлейтінін айтады.
– Мемлекеттің бағдарламасы деп сендік. Биыл көктемде үйге кіруіміз керек еді, әлі жүрміз. Қашан кіретінімізді де білмейміз, – дейді Зылиха Иманғожаева.
Ал салымшы Гүлжаһан Көбденова баспана алу үшін үш бірдей мемлекеттік
бағдарламаға қатысқанын айтады.
– Әуелі 2008-2010 жылдардағы «Қолжетімді баспана» бағдарламасына қатыстым. Одан кейін «Әйгерімдегі» үйлерден үміттендім. Енді, міне, «Мамырдан» баспана аламын ба десем, ол да жыр болып кетті. Бес жыл бойы ақша жинап келемін. Енді тағы неше бағдарламаға қатысып, тағы қанша жыл банкке ақша құюым керек? – дейді ол.
«ҚҰРЫЛЫСТЫҢ БІТУІН БАНК ТЕ КҮТІП ОТЫР»
Алматыдағы «Мамыр – 5» және «Мамыр – 6» ықшам аудандарында мемлекеттік «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлерге кіре алмай отырған жүздеген отбасы бар. Олардың құқығын қорғаушы адвокат Руслан Анарбековтің сөзінше, «Мамырдағы» кейбір тұрғын үй құрылысын
бітіруге қатысты өткен сотта шешім шыққан. Бірақ сот шешімінде құрылыстың аяқталу мерзімі көрсетілмеген.
– Бізге тұрғын үй қашан пайдалануға беріліп, тұрғындар көшіп келе алатынын белгілеу қажет. Қазір тапсырыс беруші – Алматы қаласының әкімдігі мен құрылыс басқармасы «құрылыс биыл 20 желтоқсанда бітеді» дейді. Ал мердігер компания – «АГС-Пласт» «бұл мерзімде аяқтау мүмкін емес, сондықтан келесі жылдың көктемін күтіңдер» дейді. Енді кімге сенерімізді білмейміз, – дейді Руслан Анарбеков.
Азаттық тілшісімен сөйлескен салымшылар үйдің биыл желтоқсан айында салынып бітетініне сенбейді.
– Қытайда, мүмкін, бірнеше айда салып бітер. Ал біздегі құрылыстың жағдайын көре отырып, келесі жылдың наурызында аяқтаса да шүкір деуші едік. Бірақ
оның өзін нақтылап, ешкімге міндеттемей отыр ғой, – дейді салымшы Жұлдыз Макпунова.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің» баспасөз хатшысы Гүл Баяндина Азаттық тілшісімен сөйлескенде «банк салымшылар тағдырын бақылауда ұстап отырғанын»» айтты.
– Түсініктемені біз емес, қаржы мәселесін шеше алмай отырған әкімдік беруі тиіс. Бұл жағдайда біздің кінәміз жоқ. Ал салымшыларымызды әрдайым қолдаймыз, олардың қаржысы бізде сақталып тұр. Біз де олар секілді құрылыстың қашан аяқталатынын күтіп отырмыз, – дейді Гүл Баяндина.
Бұл мәселеге қатысты Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мен құрылыс басқармасынан комментарий алу мүмкін болмады. Жауапты басшылардың қолы түрлі «жиыннан босамады».