Қазақстанның адам құқығы жөніндегі уәкіл азаптау туралы шағымдардың екі есеге азайғанын айтады. Алайда құқық қорғаушылар басқа мәлімет келтіріп отыр.
Бүгін, наурыздың 25-і күні Астанада Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров журналистерге сұқбат беріп, былтыр Қазақстанда азаптауға қатысты алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе аз шағым түскенін айтты.
АЗАПТАУҒА ҚАТЫСТЫ АХУАЛ «ЖАҚСАРҒАН» – 2,4 ПАЙЫЗ
– Егер 2009 жылы ондай шағымдар 4,9 пайыз болса, былтыр азаптау және ар-намысты кемсітетін өзге де іс-әрекеттерге қатысты шағымдар іс жүзінде 2,4 пайызға дейін азайды, – деді Асқар Шәкіров.
Оның айтуынша, азаптауға қатысты жалпы ахуал «жақсарған деуге тұрарлық, бірақ әзірге жағдайды мінсіз деп айтуға келмейді».
– Қызметін асыра пайдалану фактілері әлі де бар. Бұдан бөлек түрме ішіндегі жағдайға қатысты мәселелер бар. Түзету мекемелерінің көпшілігі өткен ғасырда салынған, олардағы жағдай халықаралық стандарттардан алшақ, – деді омбудсмен.
«ОМБУДСМЕННІҢ АЙТҚАНЫ – САНДЫРАҚ»
Сотталғандардың құқығын қорғауда белсенділік танытып жүрген құқық қорғаушы Вадим Курамшин Асқар Шәкіровтың бұл сөздерін «сандырақ» деп отыр.
– Омбудсменнің өзіне жазылған шағымдардың саны азаюы мүмкін. Бірақ ол шынында да азаптаулардың азайғанын көрсетеді деу – сандырақ. Себебі, оның (омбудсменнің – ред.) атына жазылған шағымдарға өтірік жауап келеді немесе шағым иесі репрессияға ұшырап жатады, – дейді құқық қорғаушы.
Оның сөзінше, соңғы бір аптаның ішінде сотталғандардың туыстарынан өзіне түскен шағым «бастан асады».
– Жазбаша, телефон арқылы, ауызша және бейнежазба арқылы күні-түні шағымдар түседі. Соңғы кездері әйелдер колониясынан да суық хабарлар түсіп жатыр. Ол жерде не болып жатқандығы омбудсменнің түсіне де кіріп-шықпайды, – дейді Вадим Курамшин.
Қазақстандық адам құқығы жөніндегі бюро басшысының міндетін атқарушы Роза Ақылбекова да омбудсмен Асқар Шәкіровтің сөзімен келісе алмайтындығын айтып отыр.
– Азаптау фактілері азайды деп айта алмаймын. Мүмкін, керісінше, көбейген болар, – дейді Роза Ақылбекова.
Оның сөзінше, соңғы кездері соттарда «қызметін асыра пайдаланды» деп кеңінен пайдаланып келген баптардың «азаптау» бабымен өзгеріп жатқаны байқалады.
– Қазір прокуратураның көмегімен 308-бап – «қызметін асыра пайдаланды» деген бап бойынша қозғалған көпшілік сот істері «азаптау» бабына
ШЫНДЫҚ ПЕН ЕСЕП
Алматы Хельсинки комитетінің жетекшісі Нинель Фокина бұдан бұрын Азатыққа берген сұхбатында адам құқығының сақталуын қадағалайтын мемлекеттік органдарды сынаған еді.
Оның сөзінше, биліктегілер негізінен адам құқығының сақталуы жақсарып жатыр деп тек формальді түрде ғана есеп береді.
– Шынайы саясат пен шынайы құқықтық қолдану тәжірибесі халықаралық пактілерге сәйкес келмек түгелі, Конституция мен заңға қайшы болып жатады, – дейді Нинель Фокина.
Құқыққорғаушы сондай-ақ, Қазақстанда Конституция мен заңдар «ғарыштық жылдамдықпен өзгеретіндігін» атап өтті.

Қазақстандық адам құқығы жөніндегі бюро басшысының міндетін атқарушы Роза Ақылбекова. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.
ауыстырылып жатыр, – дейді құқық қорғаушы Роза Ақылбекова.ШЫНДЫҚ ПЕН ЕСЕП