Ақтөбелік журналист Игорь Ларра облыс басшылығын сынаған мақалалар жазғанын есіне алады. Ал полицияның сөзінше, оқиға журналистің кәсібіне байланысты емес.
Guljan.org сайты, Assandi times және «Свобода слова» газеттерінің Ақтөбедегі тілшісі Игорь Ларраны тамыздың 20-сы күні түнгі сағат 23:00 шамасында Ақтөбе қаласында белгісіз біреулер соққыға жығып кеткен.
Журналистің айтуынша, ол сол түні досының үйінен шығып, такси шақыртқан екен.
- Таксиге жетем дегенше төрт адам алдымнан шықты. Әуелі монтировкамен басымнан ұрды. Артымнан біреуі келіп, бетімнен тебе бастады. «Артық көп нәрсе жазасың» деді. Мұндай шабуыл маған 2010 жылы Жаңаөзенде жасалған еді,- дейді журналист.
ЖУРНАЛИСТІҢ БОЛЖАМЫ
Игорь Ларраның айтуынша, әлгі төрт адам жейдесі мен ұялы телефонын, 30 мың теңгесін тартып алып, жартылай жалаңаш күйде тастап кеткен. Сәлден соң есін жиған журналист таксиге жетіп, жағдайды түсіндіріп, полицияға апаруын өтінген.
Журналистің сөзінше, ол полиция бөлімінде бір сағаттай отырған соң қызметкер келіп арызын қабылдаған - бірақ жараларын тексертуді ертеңгі күнге қалдырған.
- Олар (полиция – ред.) мені тексеруге апарудан бас тартты. «Ертең апарайық» деді. Бірақ кезінде мені таңғы сағат төрттерде тұрғызып, медициналық тексеруге апарған сәттер болған еді. Бәрі де ереже бойынша болуы керек қой, - дейді журналист.
Журналист тамыздың 21-і күні жедел жәрдем шақырып, дәрігерлік тексеруден өзі өткен. Оның ерні жырылған. Басының темір тиген жерінде ойық пайда болған. Игорь Ларра дәрігерлік тексерудің нәтижесі жұма күні белгілі болатынын айтты.
- Қозғалсам денем ауырады, тамақ ішу мүмкін емес, - дейді Ақтөбедегі үйінде жатқанын айтқан журналист.
Игорь Ларра оқиғаны журналистік қызметімен байланыстырады. Оның "ірі мұнай компаниясының қаладағы орталық саябақ ішінен үлкен кеңсе салғаны, жүздеген ағаштың оталғаны, кейіннен құрылыс заңсыз екені анықталғанына қарамастан облыстық әкімдіктің кеңсе салуға рұқсат бергені" туралы мақаласы тамыздың 16-сы күні Assandi times газетінде жарияланған.
Мұнан бөлек Guljan.org сайтында облыс басшылары туралы мақалалар топтамасы шыққан.
- Жарты жыл бұрын Guljan.org сайтында шыққан көптеген мақалаларда менің атым көрсетілмеген еді. Редакцияның аты болған, - дейді Игорь Ларра.
«Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымының дерегі бойынша, Игорь Ларра 2010 жылы да соққыға жығылған.
Әріптестерінің пікірінше, «бұл бұзақылардың кездейсоқ шабуылы емес, журналисті қорқыту амалы болған».
- Ол кезде полицияға хабарламаған. Ешқандай шара қолданылмаған. Міне, оқиға тағы қайталанып отыр. Оны ауыр соққыға жыққан. Білуімізше, полиция одан бірден арыз қабылдамай қойған. Журналист жарақаттары туралы куәлік ала алмаған. Газеттер, ақпараттық агенттіктер жазып, оқиға туралы халықаралық құқық қорғау ұйымдары сұрастырды. Тым болмағанда осындай көптің назары қылмыскерді тауып, жазалауға көмектесетін шығар, - дейді «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева.
Ол журналистерді соққыға жыққан кінәлілердің көп жағдайда табылмай жататынын айтты.
«КӘСІБІНЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ»
Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин Азаттық тілшісіне «оқиғаға қатысты қылмыстың кодекстің 178-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозалғанын» хабарлады. Ол «Тілшіні ұрған адамдар ұсталды ма?» деген сауалды жауапсыз қалдырды.
Ақтөбе облыстық полициясы тамыздың 22-сі күні брифинг өткізіп, «оқиға журналистің кәсіби қызметіне байланысты емес, әзірше анықталмаған адамдардың арам пиғылынан туған» деп мәлімдеді.
«Полиция уақытында арыз қабылдамады», «медициналық сараптама өткізуден бас тартты» деген айыптауларды да жоққа шығарған полиция арыздың кешіктірілу себебін "журналистің мас болғанынан" деп түсіндіреді.
«Игорь Ким (Игорь Ларра - журналистің кәсіби лақап аты) мас болғандықтан істің мәнін қағазға өзі түсіре алмаған. Сондықтан ауызша хаттаманы тергеуші толтырған. Жауап алу хаттамасында ол бетінен жұдырықпен бір рет ұрғанын және құлап қалғанда тепкенін айтқан. Ал монтировкамен басынан ұрғанын айтпаған» дейді Ақтөбе облыстық полициясы ақпарат құралдарына таратқан мәлімдемесінде.
Полиция "таңертең журналистің үйіне инспекторлар барғанымен ешкім есік ашпағанын, олар түсте қайтадан барғанда журналист сот-медициналық сараптамадан өтпегенін айтқанын" хабарлайды.
Журналистің айтуынша, ол сол түні досының үйінен шығып, такси шақыртқан екен.
- Таксиге жетем дегенше төрт адам алдымнан шықты. Әуелі монтировкамен басымнан ұрды. Артымнан біреуі келіп, бетімнен тебе бастады. «Артық көп нәрсе жазасың» деді. Мұндай шабуыл маған 2010 жылы Жаңаөзенде жасалған еді,- дейді журналист.
ЖУРНАЛИСТІҢ БОЛЖАМЫ
Игорь Ларраның айтуынша, әлгі төрт адам жейдесі мен ұялы телефонын, 30 мың теңгесін тартып алып, жартылай жалаңаш күйде тастап кеткен. Сәлден соң есін жиған журналист таксиге жетіп, жағдайды түсіндіріп, полицияға апаруын өтінген.
Журналистің сөзінше, ол полиция бөлімінде бір сағаттай отырған соң қызметкер келіп арызын қабылдаған - бірақ жараларын тексертуді ертеңгі күнге қалдырған.
Олар (полиция – ред.) мені тексеруге апарудан бас тартты. «Ертең апарайық» деді.Игорь Ларра, журналист
- Олар (полиция – ред.) мені тексеруге апарудан бас тартты. «Ертең апарайық» деді. Бірақ кезінде мені таңғы сағат төрттерде тұрғызып, медициналық тексеруге апарған сәттер болған еді. Бәрі де ереже бойынша болуы керек қой, - дейді журналист.
Журналист тамыздың 21-і күні жедел жәрдем шақырып, дәрігерлік тексеруден өзі өткен. Оның ерні жырылған. Басының темір тиген жерінде ойық пайда болған. Игорь Ларра дәрігерлік тексерудің нәтижесі жұма күні белгілі болатынын айтты.
- Қозғалсам денем ауырады, тамақ ішу мүмкін емес, - дейді Ақтөбедегі үйінде жатқанын айтқан журналист.
Игорь Ларра оқиғаны журналистік қызметімен байланыстырады. Оның "ірі мұнай компаниясының қаладағы орталық саябақ ішінен үлкен кеңсе салғаны, жүздеген ағаштың оталғаны, кейіннен құрылыс заңсыз екені анықталғанына қарамастан облыстық әкімдіктің кеңсе салуға рұқсат бергені" туралы мақаласы тамыздың 16-сы күні Assandi times газетінде жарияланған.
Мұнан бөлек Guljan.org сайтында облыс басшылары туралы мақалалар топтамасы шыққан.
- Жарты жыл бұрын Guljan.org сайтында шыққан көптеген мақалаларда менің атым көрсетілмеген еді. Редакцияның аты болған, - дейді Игорь Ларра.
«Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымының дерегі бойынша, Игорь Ларра 2010 жылы да соққыға жығылған.
Әріптестерінің пікірінше, «бұл бұзақылардың кездейсоқ шабуылы емес, журналисті қорқыту амалы болған».
Ол журналистерді соққыға жыққан кінәлілердің көп жағдайда табылмай жататынын айтты.
«КӘСІБІНЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ»
Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин Азаттық тілшісіне «оқиғаға қатысты қылмыстың кодекстің 178-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозалғанын» хабарлады. Ол «Тілшіні ұрған адамдар ұсталды ма?» деген сауалды жауапсыз қалдырды.
Ақтөбе облыстық полициясы тамыздың 22-сі күні брифинг өткізіп, «оқиға журналистің кәсіби қызметіне байланысты емес, әзірше анықталмаған адамдардың арам пиғылынан туған» деп мәлімдеді.
Игорь Ким мас болғандықтан істің мәнін қағазға өзі түсіре алмаған. Сондықтан ауызша хаттаманы тергеуші толтырған.Ақтөбе облыстық полициясы