Қазақстанда жақында Журналистер күнін атап өтпек. Оны Баспасөз күні, ақпарат және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесі деп түрліше атап келеді. Алайда журналистерді ақпарат емес, насихат таратады деп айыптаушылар да бар. Мәселен «Еуразия» бірінші арнасы» және басқа да баспасөз құралдарын кейбір адамдар мүдделі тараптың насихатын жасайды, ақпараттық соғыс шығарады деп кіналайды. Аталған телеарнаға қарсы сотқа арыз түсірген азаматтар да бар.
Осы оқиғаларға қарап, Қазақстандағы журналистер насихатшыға айналды деуге бола ма? Тілшілер мемлекет тапсырысын орындауды қашан азайтады? Журналистер азаматтарды шынайы ақпаратпен қамтамасыз ете ме? Қазақстанда кәсіби журналистика қалыптасты ма? AzattyqLIVE бұл тақырыпты журналист әрі құқық қорғаушы Розлана Таукинамен талқылады.
Тікелей эфирде орыс тілінде өткен хабардың толық видеосын мына сілтеме бойынша көруге болады.